Ауылдың тазалығы мен абаттандырылуы – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудың маңызды көрсеткіштерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстардың жай-күйін зерделеу мақсатында аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин мен аудандық мәслихат депутаты Назгүл Ешпанова Қаратал ауылындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Сапар барысында Ақтөбе облыстық мәслихатының қағидалары мен қабылданған шешімдерінің орындалу барысы қаралды. Әлеуметтік нысандардың қызметі, ауыл аумағының санитарлық тазалығы, абаттандырылуы және көркейтілу деңгейі бағаланды.
Сонымен қатар нысандардың айналасын күтіп ұстау, тазалықты сақтау және абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.
Бақылау қорытындысы бойынша ауыл аумағын санитарлық талаптарға сай ұстау және абаттандыру жұмыстарын жүйелеу қажеттігі айтылды.