Ойыл аудандық мәслихатымен қабылданатын құқықтық актілер туралы
Ойыл аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, «Азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесуді» қамтамасыз ететiн жергілікті өкілді орган болып табылады.
Ойыл аудандық мәслихатымен Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерінің (бұдан әрі - НҚА) әзірленген жобалары мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін әділет органдарымен міндетті түрде келісілуге жатады.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын әділет органдарының келісуі «Құқықтық актілер туралы» Заңында және Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында (Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығымен бекітілген) айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, құқық нормаларының бар-жоғы, азаматтардың құқықтары, бостандығы мен заңды мүдделеріне қайшы келетін ережелерді қамтымайтындығы және мемлекеттік тіркеу қажеттілігі тұрғысынан заң сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, кәсіпкерлікке кедергілердің болмауы, заңнаманы жетілдіру мәселелері нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тиімділігіне байланысты. Мемлекеттік тіркеудің маңыздылығы мен мәні тек нормашығармашылықтың заңдылығын бақылауда ғана емес, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердің күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады. Ал мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық акті жарамсыз болып табылады.
Нормативтік құқықтық акті қабылданғанға дейін көпшілік талқылауы үшін «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында «Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы» орналасады. Порталда қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұрмайтын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) орналастырылады.
Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілердің жобалары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау мақсатында міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан өткізіледі.(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап Заңға сәйкес қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда).
Сондай-ақ, әзірлеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы орган жанындағы Сараптама кеңесі мүшелерінен сараптама қорытындыларын және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша әзірлеушілер өз органдарының жанындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын алу әділет органдарына келісім алу үшін міндетті шарттары болып табылады.
Осылайша, заңнамаға сәйкес келетін сапалы нормативтік құқықтық актілері бірнеше сатыдан өтіп Әділет органдарында тіркеледі. Аталған нормативтік құқықтық актілер келісу және қабылдау арқылы еліміздің заңдары тиімді жүзеге асырылады.
Құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі жұмыстар жүргізіліп келеді. Аудандық мәслихатпен бекітілетін актілерді орындау үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағындағы 6-тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат тарапынан жергілікті атқарушы органға Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімдері мен қағидалары және Ойыл аудандық мәслихат шешімдерінің аудан бойынша ауылдық округтерде орындалуына бақылау жүргізу қорытындысының нәтижесі бойынша бір аудан әкімінің орынбасары және үш ауылдық округ әкімдеріне аудан әкіміне ұсыныс жолданып, тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды.
2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Ойыл аудандық мәслихатымен әзірлеуші органдардың ұсынуымен 15 НҚА жобаларына келісім беріліп, 8 НҚА тіркеуден өтті.
Аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы А.Ж.Мусин