Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – көктемгі жаңарудың, ізгіліктің, татулықтың мерекесі.
Осынау керемет мерекеде баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, бақыт, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.
Ұрпағымыздың денсаулығы мықты, халқымыздың әр таңы шуақты, бақ-берекесі тұрақты болғай!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Құрметпен, Нұралы Әбішов