Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫ

САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫ

Сайрам аудандық мәслихатының бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы:  

Керімов Асанәлі Исламбекұлы - комиссия төрағасы;

  Раимкулов Ганишер Кайнарович - комиссия төрағасының   

  орынбасары;

Әбдіқадыров Нұржан Әділбекұлы;

Дәлбеков Марат Сұлтанбайұлы;

Қуатбеков Қадырбек Садықұлы;

Сайдирахимов Бекзад Бобирович;

Сыздықов Қуаныш Адырбекұлы;

Юсупов Абдирасул Мадикаримович.

 

Сайрам аудандық мәслихатының кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы:

 Сағындықов Сиқымбай Уәлиханұлы - комиссия төрағасы;

Айдарханов Дархан Саматұлы - комиссия төрағасының  

орынбасары;

Анартаев Дастан Хуснитдинович;

Асқаров Ержан Өміртайұлы;

Әлімжанов Бекжан Байғалиұлы;

Қалдыбек Арман;

Қаратаев Нұрлан Әкімжанұлы;

Курбанов Ирисдавлат Абсаматович.

 

Сайрам аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясы:

Курганов Бабуржан Хамракулович - комиссия төрағасы;

Қазанқапов Абзал Дәулетәліұлы - комиссия төрағасының

орынбасары;

Әбдіқадыров Алмас Әбдірахманұлы;

Жолшыбеков Мақсат Расылбекұлы;

Мадалиев Мадияр Халиддинович;

Сиддиков Мухиддин Эгамбердиевич;

Тажиев Камалиддин Абдирашидович;

Убайдуллаева Мунаввар Рустамбековна.

Сайрам аудандық мәслихатының бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының міндеттері

    -  комиссия  экономикалық, бюджетке  қатысты стратегиялық және ағымдағы мәселелер, инвестиция тарту, сондай-ақ, инвестициялық ахуалды жетілдіру, агроөнеркәсіптік кешен, ауылшаруашылық өндірісі, жер қатынастары, су ресурстары туралы  мәселелерді қарайды, оларды жан-жақты зерделеп ұсыныстар береді;

  • ағымдағы жылға арналған аудандық бюджетті талдап, талқылайды, аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті қарайды,  сессияға ұсыныстар енгізеді;
  • аумақты дамыту жоспарларын, әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды   мәслихат сессиясында   бекіту алдында жан-жақты талқылап, талдайды  және  өзінің ұсыныстарын енгізеді, әрі бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді  тыңдайды;
  • өз құзіреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
  • тұрақты комиссия өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды;

    - мәслихат  сессиясының күн  тәртібі бойынша,  сондай-ақ  мәслихат сессиясында қаралатын кез-келген мәселе бойынша мәслихатқа,  мәслихат төрағасына ұсыныс енгізеді;

    - өздерінің     құзырына    жататын     мәселелер   бойынша     мәслихат сессияларында   баяндамалар   жасайды;

  • жыл сайын ағымдағы жылға арнап жоспар жасап, оны орындау жөнінде іс-шаралар әзірлейді;
  • комиссия мәслихат алдында жауапты болады және жылына бір рет өзінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы есеп береді.

 

Сайрам аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі жөніндегі тұрақты комиссиясының міндеттері

 сессия қарауына ұсынылған мәселелердің құқықтық негізде әзірленуіне ықпал жасайды, ономастика бойынша мәселені қарайды;

  • мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез-келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат төрағасына ұсыныс енгізеді;
  • депутаттың өтініші және заңда қаралған өзге де жағдайлар бойынша депутаттық өкілеттікті мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі жөнінде ұсыныс жасау;
  • депутаттық этика, депутаттық қызметтің кепілдігі, депутаттың міндетін атқаруы (сессияларға, комиссиялар отырыстарына және аудан көлеміндегі өзге де іс-шараларға қатысуын бақылау, өтініштерін қарау, сайлаушыларды қабылдау) мәселелерін қарау;
  • депутаттардың сайлау учаскелерінде өз міндеттерін атқаруын зерттеу, олардың сайлаушылармен кездесу өткізуін бақылайды және атқарылған жұмыстар жөнінде қорытынды дайындау;
  • әлеуметтік салаларды дамыту бағдарламаларын (білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жастар саясаты, тұрғын үйлерге қызмет көрсету) жүзеге асыру мәселелері бойынша мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
  • өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар жасайды;
  • өз құзіреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
  • тұрақты комиссия өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды;
  • жыл сайын ағымдағы жылға арнап жоспар жасап, оны орындау жөнінде іс-шаралар әзірлейді;
  • комиссия мәслихат алдында жауапты болады және жылына бір рет өзінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы есеп береді.

 

Сайрам аудандық мәслихатының кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының міндеттері

         - комиссия ауданның жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламалары, өнеркәсіптік кешен, жер қойнауын пайдалану, күрделі құрылыс, көлік, су, газ, электр қуатымен жабдықтау, коммуналдық қызмет көрсету мәселелері бойынша мәслихат шешімдерінің орындалуын қадағалайды;

         - мәслихаттың қарауына жатқызылған  әкімшілік-аумақтық құрылыс,  мәселелерін  шешу алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізеді;

         - аумақты абаттандыру мен көркейту, жасыл желектерді күтіп ұстау, көркейту, көріктендіру, санитарлық  тазалық, ветеринария, экология  мәселелерін қарап, талқылайды;

         - өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар жасайды;

   - өз құзіреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

  • тұрақты комиссия өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды;
  • жыл сайын ағымдағы жылға арнап жоспар жасап, оны орындау жөнінде іс-шаралар әзірлейді;
  • комиссия мәслихат алдында жауапты болады және жылына бір рет өзінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы есеп береді.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫ
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы