2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған

жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы «Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 166 бұйрығына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері 2026 жылға бір шаршы метр пайдалы ауданы үшін айына 44,37 теңге сомасында бекітілсін, бұл 2026 жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 1,0259% құрайды.
  2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 сәуірдегі №40/238-VIIІ «2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 224967 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Аудандық мәслихат

         төрағасы                                                                       Т.Калымбетов

 

Жарияланған күні

30 шілде 2026 09:18

Жаңарту күні

30 шілде 2026

Түрі