Аппарат басшысы "Талдықорған қалалық мәслихатының аппараты" ММ Жетісу облысы
Талдыкорған қаласы мәслихатының аппараты
Жетісу облысы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
Е-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Білімі:Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалды міндеттер
Қалалық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық ету. Аппаратқа жүктелген функциялардың, жұмыс жоспарларының жүзеге асырылуын, қалалық мәслихаттың сессияларында қаралуға тиісті мәселелердің уақытымен қаралуын қамтамасыз ету. Қалалық мәслихат төрағасының Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен, орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен және саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен тиімді өзара әрекет етуін қамтамасыз ету. Қалалық мәслихаттың төрағасын ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру. Қалалық мәслихаты төрағасының қатысатын іс-шараларынын тезистерін және баяндамаларының сапасын бақылау. Қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарларының жобаларын, сессияларының жүргізу тәртіптерінің жобаларын әзірлеу, қалалық қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпаратты жинақтау және талдау материалдарын әзірлеу, көпшілік тыңдаулар жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Қалалық мәслихат аппараты қызметкерлерінің қызметіне тікелей басшылық жасау және міндеттерінің нақты айқындалуын қамтамасыз ету. Мәслихат аппараты регламентінің сақталуын қамтамасыз ету. Сессиялар және қалалық мәслихаттың отырыстарының, өзге де іс-шараларының өткізілетін орындарының дайындығын бақылау. Қолданыстағы заңнамаға және қалалық мәслихатының регламентіне сәйкес мәслихат аппараты мамандарына жүктелген қызметтік міндеттерінің сапалы және уақытылы атқарылуын қадағалау, сонымен қатар аппаратта еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету. Қалалық мәслихат аппаратының тиімді қызметін ұйымдастыру мақсатында оны уақытылы қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, қадағалау. Қалалық мәслихаттың аппаратына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы қаралуын бақылау. Қалалық мәслихаты аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауын жүзеге асыру. Сессиялардың онлайн трансляциялануын бақылау. Қалалық мәслихаттың ресми сайтының жұмыс жасауын, оның контентінің уақытылы және сапалы ақпараттармен толықтырылып отырылуын бақылау. Қалалық мәслихаты төрағасының қол қоюына енгізілетін құжаттарды тексеру. Мәслихаттың құжаттарының орындаушылық тәртібін бақылау.
Қалалық мәслихат аппаратында ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту. Қазақстан Республикасының Қолданыстағы заңнамасына сәйкес аппарат қызметшілерін жыл сайынғы кезекті еңбек демалыстарына жіберу, еңбек демалыстарынан шақырып алу мәселелерін қарап, қалалық мәслихаттың төрағасының қол қоюына өкім жобасын ұсыну. Қалалық мәслихаттың «Экономика, қаржы мәселелері және бюджет жөніндегі», «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі», «Жастармен жұмыс, денсаулықты сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиялардың (әрі қарай тұрақты комиссиялар) тиісті жылға арналған жұмыс жоспарларының қалыптастырылуын қамтамасыз ету және орындалуын бақылау. Тұрақты комиссияларға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету. Тұрақты комиссиялардың қызметтерін қамтамасыз ету және тиісті құжаттамасын жүргізу (хаттар, күн тәртіптері, жүргізу тәртіптері, баяндамалар, қосымша баяндамалар, хаттамалар, қаулылар, ұсынымдар тізбелері және т.б.), жинақ мұқабаларының жүргізілуін уақытылы бақылау. Тұрақты комиссиялардың, сессиялардың қызметтері туралы мәслихаттың ресми сайтында, әлеуметтік желілерде, БАҚ ораналастырылуын қамтамасыз ету және жария етілген материалдардың есебін жүргізу және талдау жұмыстарын бақылау. Тұрақты комиссиялардың құзыреттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың хаттарына жауаптардың жобаларын әзірленуін қамтамасыз ету. Қалалық мәслихаттың «Экономика, қаржы мәселелері және бюджет жөніндегі», «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі», «Жастармен жұмыс, денсаулықты сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияларының құрамындағы қалалық мәслихат депутаттарының мемлекеттік органдарға жолдаған хаттарды, депутаттық сауалдарының тізімін қалыптастыру, олардың орындалуын бақылау және талдау жүргізу.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес қалалық мәслихат депутаттарына жүктелген міндеттерінің орындалуын қадағалау, жұмыстарын үйлестіріп, қамтамасыз ету.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының сапалы құрамын қалыптастыру, уақытында өзгерістер енгізуді қадағалау.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін, мемлекеттік тілді білу, Word, Еxcel программалармен жұмыс істей білу, ұйымдастырушылық және лидерлік қабілетті, жоғары моральдік-этикалық және іскерлік, талап қоя білу қасиеті болу керек.
«А» функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tald.gor.maslihat@mail.ru
- Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26, мекенжайы бойынша (№210 кабинет)
-
8 (7282) 329486