Жетінші шақырылған
Талас аудандық мәслихатының №37-5 шешіміне 1-ші қосымша
Талас аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Өтетін мерзімі |
Орындалуы |
Жауапты мекеме басшылары |
|
І тоқсан |
||||
|
1 |
Халыққа қызмет көрсету мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда және өз бюджеттерін игеруде Аққұм, Бостандық, С.Шәкіров, Ойық ауылдық округтері әкімдерінің атқарып отырған жұмыстары туралы |
2023 жылдың сәуір айы |
Аудандық мәслихаттың сессиясына дейін зерделеу және есептерін тыңдау |
Б.Ошақбаев, М.Рысдаулетов, Р.Бекбосын, Н.Мұхтаров |
|
2 |
Мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, бюджет, жергілікті салық және қала шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі |
2023 жылдың келісім бойынша |
Комиссия төрағасының есебі |
Аудандық мәслихат аппараты, тұрақты комиссия |
|
ІІ тоқсан |
||||
|
3 |
Аудан көлеміндегі науқандық мал дәрігерлік егу, емдеу, кенеге қарсы іс-шаралар мен шегіртке тарапынан келіп отырған қауіптік алдын – алу, жою жұмыстарын жүргізудегі жауапты мекемелердің қызметі жайлы
|
2023 жылдың маусым айы |
Аудандық мәслихаттың сессиясына дейін зерделеу және есептерін тыңдау |
Ж.Құдиярхан, Ж.Қалмаханов, Б.Аманбаев |
|
4 |
Аудандағы суармалы жерлерді игеру мен су ресурстарын пайдалану және озық технологияларды енгізу бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметі туралы (егіс, жүгері, бақша дақылдары, сафлор, т.б. және суармалы тамшылату мен жаңбырлату) |
2023 жылдың маусым айы |
Аудандық мәслихаттың сессиясына дейін зерделеу және есебін тыңдау |
Ж.Құдиярхан, А.Ахметов |
|
5 |
Талас ауданының 2022 жылы бөлінген қаржының игерілуі бойынша аудан әкімдігінің қаржы бөлімі мен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері басшыларының есебі |
2023 жылдың маусым айы |
Аудандық мәслихаттың сессиясына дейін зерделеу және есептерін тыңдау |
Қ.Терлікбаев, Г.Асемов |
|
6 |
Халыққа қызмет көрсету мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асрыру және өз бюджеттерін игеруде Кеңес, Қызыләуіт, Үшарал, Ақкөл ауылдық округтері әкімдерінің атқарып отырған жұмыстары жайлы |
2023 жылдың маусым айы |
Аудандық мәслихаттың сессиясына дейін зерделеу және есептерін тыңдау |
Р.Айтуов, Е.Тәттібай, Ж.Ратов, Г.Байкенжеев |
|
ІІІ тоқсан |
||||
|
9 |
Талас ауданы әкімі Н.Жүнісбековтің есебі |
2023 жылдың келісім бойынша |
Аудандық мәслихаттың сессиясына есебін тыңдау |
Е.Малкайдаров, Г.Асемов |
|
10 |
Ауданның және Қаратау қаласының қысқы маусымға дайындығы мен коммуналдық қызмет көрсетудің жай-күйі және аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметі туралы |
2023 жылдың қыркүйек айы |
Аудандық мәслихаттың сессиясына дейін зерделеу және есебін тыңдау |
Қ.Серимов, Е.Алтишев, А.Абсадықов |
|
11 |
Ауданда жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктердің халыққа көрсетіп отырған қызметтері жайлы (автобустар, таксилер, минивендер т.б.) |
2023 жылдың қыркүйек айы |
Аудандық мәслихаттың сессиясына дейін зерделеу және есебін тыңдау |
Қ.Серимов, Е.Алтишев |
|
12 |
Халыққа қызмет көрсету мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асрыру және өз бюджеттерін игеруде Қасқабұлақ, Қаратау, Көктал, Берікқара, Тамды ауылдық округтері әкімдерінің атқарып отырған жұмыстары жайлы |
2023 жылдың қыркүйек айы |
Аудандық мәслихаттың сессиясына дейін зерделеу және есептерін тыңдау |
Ж.Усейнов, А.Малташов, Қ.Бейсебаев, Е.Смайлов, Р.Асқаров |
|
13 |
Мәслихаттың жанынан жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қорғау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі |
2023 жылдың қыркүйек айы |
Комиссия төрағасының есебі |
Аудандық мәслихат аппараты, тұрақты комиссия |
|
ІV тоқсан |
||||
|
14 |
Ауданның 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту. Қала және ауылдық округтердің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту |
2023 жылдың келісім бойынша |
Аудандық мәслихаттың сессиясына есебін тыңдау |
Қ.Серимов, Г.Асемов |
|
15 |
Талас аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы |
2023 жылдың желтоқсан айы |
Жоспарды бекіту |
Аудандық мәслихаттың аппараты |
|
16 |
Қаратау қаласы әкімінің халыққа қызмет көрсету мен қала шаруашылығын көркейтуде атқарып отырған қызметі туралы |
2023 жылдың желтоқсан айы |
Аудандық мәслихаттың сессиясына дейін зерделеу және есептерін тыңдау |
Д.Баймбетов |
|
17 |
Мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі |
2023 жылдың желтоқсан айы |
Комиссия төрағасының есебі |
Аудандық мәслихат аппараты, тұрақты комиссия |