Шардара ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер мен қазыналы қарияларға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Тағылымды шараға Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы, аудан мәслихатының төрағасы Муталиев Бұлтбай Лесбекұлы, Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара аудандық бөлімшесінің басшысы Айткулов Нұрсұлтан Мейіржанұлы қатысты.
Мерекелік шараның алғашқы құттықтау сөзін аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев алып, барша ардагерлер мен ақ жаулықты әжелерді, елге еңбегі сіңген аға буын өкілдердін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.
Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Лесбекұлы Муталиев те ақжарма тілегін білдіріп, әр бір ардагердің құрметке лайық екенін атап өтті. Ол аға буынның елдік мүдде жолындағы еңбегі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі қашанда жоғары бағаланатынын жеткізді.
Сіздер – саналы ғұмырын елдің өсіп-өркендеуіне арнаған, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол қалдырған ардақты жандарсыздар. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз – жас ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына.
Елдің бірлігі мен қоғамдық тұрақтылығын нығайтуға қосқан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің әрбір ізгі істеріңіз бен өнегелі өмір жолдарыңыз кейінгі буынға үлгі болып қала береді.
Барша аудан қарияларымыз мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларының амандық, береке-бірлік тілейміз! Мерейлеріңіз үстем, абыройларыңыз асқақ болсын!
Шардара аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі.
Руководитель отдела постоянных комиссий аппарата Шардаринского районного маслихата Дербисбеков Мейрамхан Хажимович в порядке внутреннего перевода распоряжением председателя Шардаринского районного маслихата Б. Муталиева от 7 июля 2026 года 39 назначен на должность руководителя аппарата Шардаринского районного маслихата. Дербисбеков Мейрамхан Хажимович начал свою трудовую деятельность в 1985 году водителем, механиком в учреждении «Облагропромтранс» Шардаринского АТП. Позже работал в совхозе Шардара. С 1998 года работает в Шардаринском районном маслихате. В разные годы работал на контрактной основе, ведущим специалистом отдела постоянных комиссий аппарата маслихата, главным специалистом кадровой работы, главным специалистом–юристом. С сентября 2025 года занимал должность руководителя отдела постоянных комиссий. Поздравляем нашего коллегу с многолетним опытом работы, высокой профессиональной квалификацией и организаторскими способностями с новой деятельностью, желаем успехов в ответственной деятельности, больших достижений и крепкого здоровья!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезекті елу екінші сессиясы 2026 жылғы 20-шы наурыз күні сағат 15:00-де Шардара қаласына шақырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы Б.Муталиев
Шардара аудандық мәслихат депутаттарының
назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезекті елу екінші сессиясы 2025 жылғы 20-шы наурыз күні сағат 15:00-де Шардара қаласында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шардара қаласы, Төле би көшесі №40 «Б» ғимарат (3-қабаттағы мәжіліс залы).
Аудандық мәслихаттың депутаттары мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 20-шы наурыз күні сағ 14:30-дан бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы 2026 жылғы 19-шы наурыз күні сағ 11:00-де, Шардара қаласы, Төле би көшесі №40 «Б» ғимарат аудандық мәслихатта өтетінін хабарлаймыз. Депутаттарды тұрақты комиссия мәжілісі алдында тіркеу 19-шы наурыз күні сағат 10:30-дан бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.
Сессия қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат
төрағасы Б.Муталиев
13 ақпан 2026 жылы Шардара аудандық мәдениет сарайында 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 37 жыл және Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстан қазақстандық жауынгерлердің шығарылғанына 25 жыл толуына орай аудандық салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ауған соғысы мен басқа да шетелдік әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер, әскери құрылым өкілдері, аудан тұрғындары және қонақтар қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен ашылды.
Салтанатты жиында баяндама жасап, құттықтау сөз сөйлеген аудандық мәслихат төрағасының кеңесшісі Бекмуратов Рахымжан Бердібекұлы Ауған соғысы жылдарындағы жауынгерлердің ерлігі мен ел алдындағы қызметін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін ұғындыруда ардагерлердің тағылымды жолы мен өмірлік тәжірибесінің маңызы зор екенін жеткізді.
Іс-шара барысында Ауған соғысының тарихы мен оның тағылымы кеңінен сөз болды. 1979–1989 жылдар аралығында Ауғанстандағы әскери қимылдарға Шардара ауданынан 66 жауынгер аттанса, 1992–2001 жылдары Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығысқа ауданнан 24 жерлесіміз қатысып, ел намысын қорғады. Олардың ерлігі – өскелең ұрпаққа үлгі, тарихта өшпес із болып қалары сөзсіз.
Жиын барысында отты жылдары қаза тапқан жауынгерлердің рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ ардагерлерге құрмет көрсетіліп, бірқатар азаматтар алғыс хаттармен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Салтанатты шарада патриоттық әндер орындалып, ардагерлерге арналған жүрекжарды лебіздер айтылды. Іс-шара соңында бейбіт өмірдің бағасын білуге, ел бірлігі мен тыныштығын сақтауға үндейтін тілектер білдірілді.
Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі мен батырлығы – халық жадында мәңгі сақталады. Шардара аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі.
2026 жылғы 11 ақпанда Шардара қаласында аудандық партия филиалында Шардара аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті жиналысы өткізілді.
Жиналысты фракция төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Жалғасбаев Талғат Серікбайұлы жүргізді. Отырысқа «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы, Шардара аудандық мәслихатының төрағасы Муталиев Бұлтбай Лесбекұлы, аудандық мәслихат депутаттары, партия фракциясының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес 2 негізгі мәселе қаралды.
🗂 Бірінші мәселе – Жаңа Конституция жобасын талқылау.
Мәселе бойынша баяндама тыңдалып, фракция мүшелері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңыздылығы атап өтіліп, оны халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар жауапты тұлғаларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу бойынша тапсырмалар жүктелді.
🗂 Екінші мәселе – 2026 жылға арналған фракция мүшелерінің жұмыс жоспары.
Фракция мүшелерінің алдағы кезеңдегі негізгі жұмыс бағыттары айқындалып, жоспар жобасы жан-жақты талқыланды. Талқылау барысында депутаттық қызметтің тиімділігін арттыру, сайлаушылармен кері байланысты күшейту, партиялық жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау бойынша ұсыныстар беріліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар белгіленді. Нәтижесінде 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып:
✔ Жаңа Конституция жобасын талқылау қорытындылары назарға алынды;
✔ 2026 жылға арналған фракция мүшелерінің жұмыс жоспары бекітілді;
✔ Ұсыныстар мен берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау қамтамасыз етілетіні белгіленді;
✔ Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау фракция төрағасына жүктелді.
🤝 Фракция мүшелері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және партиялық бағдарламаларды тиімді іске асыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын атап өтті.
2026 жылдың 11 ақпаны күні «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына, 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Сегізінші шақырылмдағы Шардара аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы өтті. Сессия барысын аудандық мәслихат төрағасы Муталиев Бултбай Лесбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Туребеков Бейсенбай Тасбулатович, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асықбаев Мейрбек Асылбекович, аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шомпиев Мейрбек Бауыржанович, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Махашев Асанбай Қуанышевич және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тұрлыбеков Жоламан Ерсаинович қатысты. Сессияның күн тәртібінде қаралаған мәселелер:
1. Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №46-243-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №26-165-VІІ «Шардара аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №17-85-VІІІ «Шардара ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №46-243-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі бойынша аудан әкімінің орынбасары Туребеков Бейсенбай Тасболатович депутаттарға егжей-тегжейлі ақпарат ұсынып, бюджеттік өзгерістердің маңыздылығы, олардың негіздемесі мен әлеуметтік-экономикалық тиімділігі туралы түсініктеме берді. Сессия барысында депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Сонымен қатар, депутаттар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бюджетті нақтылау жұмысына белсенді түрде атсалысты. Талқылау қорытындысы бойынша, Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №46-243-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне енгізілетін өзгерістер жан-жақты қаралып, қолдау тапты. Сондай-ақ Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №26-165-VІІ «Шардара аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне, Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №17-85-VІІІ «Шардара ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралып, бір ауыздан бекітілді.
Шардара аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 13-ші ақпан күні, сағат 11-00 де Шардара қаласына шақырылсын.
Сессия қарауына келесі мәселе ұсынылсын:
1. Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №47-255-VІІІ «2026-2028 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық мәслихат төрағасы Б.Муталиев
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы 2026 жылғы 11-ші ақпан күні, сағат 11-00 де Шардара қаласына шақырылсын.
Сессия қарауына келесі мәселелер ұсынылсын:
1. Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №46-243-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №26-165-VІІ «Шардара аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №17-85-VІІІ «Шардара ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық мәслихат төрағасы Б.Муталиев
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Түркістан облысының Шардара аудандық мәслихаты 2 округтік және 5 учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің өкілеттігінің қалған мерзіміне ұсыныстар енгізу бойынша хабарлайды.
Шардара ауданындағы келесі сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
№4 округтік сайлау комиссиясы
1.Сопбекова Райхан Жумадиллаевна –"Мейірім" жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі.
№6 округтік сайлау комиссиясы
2.Сугирова Меруерт Ермекбаевна - «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің өкілі.
№849 учаскелік сайлау комиссиясы
№860 учаскелік сайлау комиссиясы
2.Әбілхасымов Әлішер Маратұлы - «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалының өкілі.
3.Дүйсенбекұлы Нұрқанат - «Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесі» қоғамдық бірлестігінің өкілі.
№861 учаскелік сайлау комиссиясы
4.Сулейменова Кулзибира Султановна - «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының өкілі.
5.Сулейменова Гулайым Оралбековна – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалының өкілі.
№864 учаскелік сайлау комиссиясы
6.Есенбаева Бибайша Айдаркуловна – «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілі.
7.Сапаров Айдарбек –Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі.
№869 учаскелік сайлау комиссиясы
8.Смаилов Ержан Алипбаевич - «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалының өкілі.
9.Канатбаев Серикбай Жиенбаевич - «Қазыбек Иса» атындағы шығырмашылық қоғамдық бірлестігінің өкілі.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 30 қаңтардан бастап 9 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 9 ақпанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.
Шардара аудандық мәслихаты
Муталиев Бұлтбай Лесбекұлы - Шардара аудандық мәслихат төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Шардара қаласы, Төле би көшесі №40 «б».
Жауапты адам – Н.Бигараев, каб. №105, №112 қалааралық телефон коды (872535), қызметтік; 2-23-97, 2-19-29, электрондық почта shardara_maslihat@mail.ru
|
р/с № |
Сайлау округтері мен учаскелерінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері (сайлау комиссиясы орналасқан мекен-жай, ғимараты) |
Шығып қалған сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Округтік сайлау комиссиялары |
|||
|
1. |
№4 |
Шардара қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі №30, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты. |
1 |
|
2 |
№6 |
Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі №7А, «М.Горький» атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты. |
1 |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары |
|||
|
1. |
№849 |
Шардара қаласы, Ж.Қолдасов көшесі №4, №2 «Ж.Жабаев» бастауыш мектебінің ғимараты. |
1 |
|
2 |
№860 |
Жаушықұм ауылы, Жаушықұм көшесі №10 «А» «Жаушықұм» мектеп- лицейінің ғимараты. |
2 |
|
|
№861 |
Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара ауылы, А.Әлімбетов көшесі №19, «Ш.Уалиханов» атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты. |
2 |
|
|
№864 |
Көксу ауылдық округі, Қашар елді мекені, Айдаркөл көшесі №45, №8 бастауыш мектебінің ғимараты. |
2 |
|
|
№869 |
Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан ауылы, Абай көшесі №2В, «Қазақстан» бастауыш мектебінің ғимараты. |
2 |
Шардара аудандық мәслихаты