Маслихат Шардарского района Туркестанской области объявляет о выборах членов районной и избирательных комиссий.

Маслихат Шардарского района Туркестанской области объявляет о выборах членов районной и избирательных комиссий.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Түркістан облысының Шардара аудандық мәслихаты 2 округтік және 5 учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің өкілеттігінің қалған мерзіміне  ұсыныстар енгізу бойынша хабарлайды.

         Шардара ауданындағы келесі сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

 

 №4 округтік сайлау комиссиясы

1.Сопбекова Райхан Жумадиллаевна –"Мейірім" жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі.

№6 округтік сайлау комиссиясы

2.Сугирова Меруерт Ермекбаевна - «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің өкілі.

                     №849 учаскелік сайлау комиссиясы

  1. Танабай Мейржан Нұржанұлы - Шардара ауданының «Мейірім» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі.

№860 учаскелік сайлау комиссиясы

           2.Әбілхасымов Әлішер Маратұлы - «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалының өкілі.

3.Дүйсенбекұлы Нұрқанат - «Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесі» қоғамдық бірлестігінің өкілі.

№861 учаскелік сайлау комиссиясы

4.Сулейменова Кулзибира Султановна - «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының өкілі.

5.Сулейменова Гулайым Оралбековна – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалының өкілі.

№864 учаскелік сайлау комиссиясы

6.Есенбаева Бибайша Айдаркуловна – «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілі.

7.Сапаров Айдарбек –Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі.

№869 учаскелік сайлау комиссиясы

8.Смаилов Ержан Алипбаевич - «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалының өкілі.

9.Канатбаев Серикбай Жиенбаевич - «Қазыбек Иса» атындағы шығырмашылық қоғамдық бірлестігінің өкілі.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 30 қаңтардан бастап 9 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.        

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 9 ақпанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.

Шардара аудандық мәслихаты

            Муталиев Бұлтбай Лесбекұлы - Шардара аудандық мәслихат төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Шардара қаласы, Төле би көшесі №40 «б».

Жауапты адам – Н.Бигараев, каб. №105, №112 қалааралық телефон коды (872535), қызметтік; 2-23-97, 2-19-29, электрондық почта shardara_maslihat@mail.ru

 

            р/с

№

Сайлау округтері мен учаскелерінің  нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

(сайлау комиссиясы орналасқан мекен-жай, ғимараты)

Шығып қалған сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

Округтік сайлау комиссиялары

1.

№4

Шардара қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі №30, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.

1

2

№6

Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі №7А,  «М.Горький» атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.

1

Учаскелік сайлау комиссиялары

1.

№849

Шардара қаласы, Ж.Қолдасов көшесі №4,       

№2 «Ж.Жабаев» бастауыш мектебінің ғимараты.

1

2

№860

Жаушықұм ауылы, Жаушықұм көшесі №10 «А» «Жаушықұм» мектеп- лицейінің ғимараты.

2

 

№861

Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара ауылы, А.Әлімбетов көшесі №19, «Ш.Уалиханов» атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.

2

 

№864

 Көксу ауылдық округі, Қашар елді мекені, Айдаркөл көшесі №45, №8 бастауыш мектебінің ғимараты.

2

 

№869

Алатау батыр  ауылдық округі, Қазақстан ауылы, Абай көшесі №2В, «Қазақстан» бастауыш мектебінің ғимараты.

2

               Шардара аудандық мәслихаты