Самар аудандық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясын өткізу қорытындылары туралы ақпарат

Самар аудандық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясын өткізу қорытындылары туралы ақпарат

 2023 жылғы 25 желтоқсанда Самар аудандық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясының отырысы өтті.

Сессия жұмысына 10 депутат, аудан әкімі Н.М.Махамбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

  1. Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

          Әртүрлі мәселелер 

1) Самар ауданы мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы «Самар ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 2-8/VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

 

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталды.          Аталған кезеңде құжаттар 5 саяси партиядан және 2 қоғамдық бірлестіктен келіп түсті. Сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкес келді. Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттар орталық сайлау комиссиясы белгілеген қосымша біліктілік талаптарына сәйкес келді. Сайлау комиссияларының барлық мүшелері ашық дауыс беру арқылы сайланды.

Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.

Сессияның өту барысын төмендегі сілтеме бойынша Facebook сайтынан көрулеріңізге болады

https://www.facebook.com/stories/110597655404115/UzpfSVNDOjY3NzgzNzY2NDQ2NjI5Ng==/?view_single=1&source=shared_permalink&mibextid=Nif5oz