Бүгін Самар ауданы мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Бүгін Самар ауданы мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Самар ауданы мәслихатының кезекті сегізінші сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды:

 

  1. Самар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы. Ордаханов Дамир Маратұлы - Самар ауданы әкімінің орынбасары.
  2. Самар ауданы мәслихаты хатшысының 2022 жылдың 7 айындағы есебі.

Шаймарданова Гүлнар Қасымжомартқызы – Самар аудандық мәслихатының хатшысы.

  1. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутаттық өкілеттік, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Бибосинова Гаухар Төлеуғалиқызы – тұрақты комиссияның төрайымы.       

             

  1. Экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік, агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Мәмбетов Қанат Мырзабекұлы – тұрақты комиссияның төрағасы.       

  1. Әртүрлі мәселелер

                 

1) «Самар ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы;

2) Самар ауданы мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;

3) Самар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 5-2 "Самар ауданы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4) Самар ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы

5) Самар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 6-2 "Самар ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Сегізінші сессияның негізгі мәселесі  - ауданның 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті болды, Самар аудан әкімінің орынбасары Ордаханов Дамир Маратұлы тұрақты комиссиялардың отырысында депутаттар талқыға салған алдағы үш жылға арналған бюджет жобасы бойынша баяндама жасады.

Тұрақты комиссиялардың отырысында 2022 жылдың 7 айында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Самар аудандық мәслихатының хатшысы Г.Қ.Шаймарданованың есебі талқыланып, сессияда қабылданды. Сондай-ақ тұрақты комиссиялардың есептері тыңдалды.

Депутаттар Самар ауданы мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.Аудандық мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдеріне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Талқылаудан кейін барлық шешімдер бірауыздан қабылданды.