Павлодар қалалық мәслихатының XXXI кезекті сессиясы
Жарияланған күні: 10 қазан 2025
Жаңарту күні: 10 қазан 2025
Көру саны:4
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, 2025 жылдың 22 қазанда сағат 11.00-де VІII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының XXXI кезекті сессиясы өтеді.
Күн тәртібі:
- Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 212/24 «2025 – 2027 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторларының бекітілген аумақта халықпен өзара іс-қимылы туралы және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу туралы.
- Әлеуметтік объектілерде және көп қабатты тұрғын үйлерде жылумен жабдықтауды іске қосу барысы туралы.
- Әртүрлі.
Павлодар қалалық
мәслихат аппараты