Павлодар қалалық мәслихатының XXX кезектен тыс сессиясы
Жарияланған күні: 16 қыркүйек 2025
Жаңарту күні: 22 қыркүйек 2025
Көру саны:8
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, 2025 жылдың 24 қыркүйекте сағат 15.00-де VІII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының XXX кезектен тыс сессиясы өтеді.
Күн тәртібі:
- Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 212/24 «2025 – 2027 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 218/25 «2025 – 2027 жылдарға арналған Павлодар қаласы кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Достық» шағын ауданында трамвай жолдарының құрылысын салу мақсатында мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімдерін иеліктен шығарумен байланысты жер телімдерін немесе өзге жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім шарт жобаларына келісу туралы.
- Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 297/40 «Павлодар қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Әртүрлі.
Павлодар қалалық
мәслихат аппараты
⠀