Бүгін Атамекен-Русская Поляна республикалық тас жолының Ұзынсу ауылының маңындағы бөлігі қалпына келтірілді. Ертіс ауданына қарасты бұл елдімекеннен де қауіптің беті қайтарылды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетовпен бірге жоғарыда аталған Ұзынсу, Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдарына барып қайттық. Тұрғындармен жүздестік. Жағдай бір қалыпты.
Қарғын судан жапа шеккен тұрғындарға толыққанды көмек көрсетілетін болады. Атап айтсақ, Жалаулыдағы үйіне су кірген 14 үйдің бесеуі жарамсыз болып қалған. Оның орнына бес жаңа үй бой көтеретін болады.
Қалған тоғыз үйдің тұрғындарына келтірілген шығын көлеміне қарай 3,5-6,5 млн. теңге аралығында қаржылай көмек көрсетіледі.
Ұзынсу ауылындағы зиян келтірілген бес үйге де көмек қолы созылады.
Осылайша, аймақта қауіп сейілді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Күшіміз бірлікте!
Асылбек Туғанбайұлы