Ертіс аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы «Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025 – 2027 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы» № 108-29-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 147-44-8 шешімі

        

                      Қазақстан Республикасы

Нормативтік құқықтық актілердің

эталондық бақылау банкіде

2025 жылдың 17 желтоқсан күні жарияланды

Қазақстан Республикасы

Нормативтік құқықтық актілердің

мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№  218732 енгізілген 

 

 

Ертіс аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы  «Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы  «2025 – 2027 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы» № 108-29-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  № 147-44-8 шешімі

 

 

Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025 – 2027 жылдарға арналған Ертіс аудандық бюджеті туралы» № 108-29-8 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 7342675 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1421878 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 33009 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7378 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5880410 мың теңге;

2) шығындар – 7381759 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 68102 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 101670 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 33568 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -107186 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
107186 мың теңге.»;

2) көрсетілген шешімнің 6-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«6. Аудандық жергілікті атқарушы органның 2025 жылға арналған резерві 60991 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы                    Б. Шингисов 

қосымша

Жарияланған күні

22 желтоқсан 2025

Жаңарту күні

22 желтоқсан 2025

Қызмет бағыты