Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ 2023 жылғы 27 желтоқсан № 60-14-8 Ертіс ауданының Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы

Нормативтік құқықтық актілердің

эталондық бақылау банкіде

2024 жылдың 4 қаңтар күні жарияланды

Қазақстан Республикасы

Нормативтік құқықтық актілердің

мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 190971 енгізілген 

 

Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ

2023 жылғы 27 желтоқсан  № 60-14-8

 

Ертіс ауданының Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының  6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Ертіс ауданының Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары  бекітілсін.
  2. Жергілікті қоғамдастықтық жиынына қатысу үшін Қызылжар ауылдық округі тұрғындарының  жалпы санынан 10 (он) % (пайыз), бірақ 5 (бес) адамнан кем емес және 10 (он) адамнан аспайтын мөлшерде бекітілсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

          Ертіс аудандық   мәслихатының төрағасы                             Б. Шингисов

 

қосымша

 

Жарияланған күні

10 қаңтар 2024

Жаңарту күні

10 қаңтар 2024

Қызмет бағыты