Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ 2023 жылғы 27 желтоқсан № 57-14-8 Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Көру саны:4
Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
эталондық бақылау банкіде
2024 жылдың 4 қаңтар күні жарияланды
Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 190965 енгізілген
Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ
2023 жылғы 27 желтоқсан № 57-14-8
Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімге қоса беріліп отырған Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
- Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округінің әрбір ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ 1 (бір) адамнан кем емес және 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде бекітілсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов