Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ 2023 жылғы 25 желтоқсан № 45-13-8 Ертіс ауданының ауыл және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Көру саны:3
Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
эталондық бақылау банкіде
2023 жылдың 27 желтоқсан күні жарияланды
Қазақстан Республикасы
Нормативтік құқықтық актілердің
мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 190587 енгізілген
Ертіс аудандық мәслихатының ШЕШІМІ
2023 жылғы 25 желтоқсан № 45-13-8
Ертіс ауданының ауыл және ауылдық округтерінің жергілікті
қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген), Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданының ауыл және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов