2022 жылға арналған Екібастұз қалалық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының
1) тармақшасына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- 2021 жылға арналған Екібастұз қалалық бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 36 219 070 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 22 567 813 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 501 880 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 469 547 мың теңге;
трансферттер түсімі – 12 679 830 мың теңге;
2) шығындар – 38 587 809 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -191 969 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 137 149 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 329 118 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 66 121 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 66 121 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 242 891 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру(профицитті пайдалану) –
2 242 891 мың теңге.
- Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған Екібастұз қалалық бюджетінің атқарылуы туралы қорытындысы бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Екібастұз қалалық
мәслихатының төрағасы Н. Макраев
2