«Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі Айымгүл Бекенқызы Таласовамен аппарат қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілмен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеу қажеттілігі мен мемлекеттік қызметшілерге қарапайым болу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмау туралы айтылды.
Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілермен ойын-сауық орындарына бару мәселесі тілге тиек болды. Кодекспен мемлекеттік қызмешілермен құмар орындарына баруға тікелей тиым салынбағанымен, қызметшілердің бұл орындарда өз қызмет ақысынан бірнеше есе артық қаражатты жұмсауы қоғам тарапынан сын тудыруы мүмкіндігі, бұл зиянды әуестік басқа заңсыз табыс көздерін іздеуге түрткі болатындығы туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
03.11.2022ж. ақпарат