Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 68/14 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы      28 мамырдағы № 165571 болып тіркелді

(VII шақырылым, кезекті XVIII сессиясы)

Ақтоғай ауылы                          № 88/18                     2022 жылғы 25 наурыз

Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 68/14 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 68/14 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26336 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 5947100 мың теңге, соның ішінде:

         салықтық түсімдер -  708125 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 5771 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 112 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 5233092 мың теңге;

         2) шығындар - 6119486 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 26356 мың теңге, соның ішінде:

         бюджеттік кредиттер - 68918 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 42562 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) -  - 198742 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -                   198742 мың теңге.»;

         шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «6. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға 217575 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін:

         20027 мың теңге - азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының,

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

         109168 мың теңге - «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

         73870 мың теңге - елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға;

         14510 мың теңге - елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруды.»;

         көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
docNumber

G22PD08818M

Жарияланған күні

25 ақпан 2022 00:00

Жаңарту күні

25 наурыз 2022

Түрі