Қалалық Қоғамдық кеңестің
2025 жылғы « 27 » мамыр
№2 хаттамалық шешімімен
бекітілген
Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Қызылорда қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 6-тармағына, «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ бұйрығына сәйкес әзірленді.
- Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, жергілікті мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.
Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікір білдіруі қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
- Қоғамдық кеңестердің қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
2-тарау. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
1-параграф. Қоғамдық кеңесті азаматтық қоғамнан қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу
- Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.
- Жұмыс тобының сандық құрамын жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты өткізгенге дейін Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы (бұдан әрі – мәслихат төрағасы) айқындайды.
Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды.
Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, мәслихат төрағасы және квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.
Ережеге сәйкес, азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
- Қызылорда қалалық мәслихаты (бұдан әрі - мәслихат) мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатарынан жұмыс тобының сандық құрамын, құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
- Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
- 8. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына:
1) ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қолжетімділігі шектулі дербес деректерге қол жеткізуге жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатқа Заңның 10 бабына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы қажет.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мәслихат жұмыс тобына кандидаттардың тізімін қалыптастырады.
- Кандидаттар тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіледі. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
- Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.
Мәслихат жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты жариялаумен бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, байқаушылардың тізімін қалыптастыру туралы хабарландыруды орналастырады.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті мәслихатқа қолма-қол береді не электрондық мекенжайына жібереді.
- Мәслихат жұмыс тобы отырысын өткізу уақыты мен орны туралы жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттарды, байқаушыларды отырысты өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
- Мәслихат жұмыс тобының отырысын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
- Жұмыс тобының бірінші отырысын мәслихат төрағасы жүргізеді.
- Жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу коммерциялық емес ұйымдардан және ашық дауыс беруге қатысушы азаматтардан жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың көпшілік даусымен жүзеге асырылады. Коммерциялық емес ұйымнан кандидат, азамат өзінің кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.
- Жұмыс тобының құрамын қалалық мәслихат төрағасы бекітеді.
- Жұмыс тобының бірінші отырысында көпшілік дауыспен азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жұмыс тобының басшысы сайланады.
- Жұмыс тобының шешімі отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мәслихаттың ресми интернет-ресурсында жарияланады.
- Жұмыс тобының отырысында хаттаманы жұмыс тобының жетекшісі анықтайтын мүшесі жүргізеді, оған жұмыс тобының жетекшісі қол қояды.
- Жұмыс тобы келесіні жүзеге асырады:
1) халықты Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
2) бірінші отырыста Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ұсынымдары негізінде айқындайды;
3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді;
4) Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастырады;
5) Қоғамдық кеңес туралы үлгі ережеге негізделген Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді.
- Жұмыс тобының отырысы оған жұмыс тобының басшысын есепке ала отырып, жұмыс тобы мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
- Жұмыс тобының және оның басшысының өкілеттіктері Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіткеннен кейін тоқтатылады.
2-параграф. Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тәртібі
- Жұмыс тобы Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатарынан және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды.
- Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі Заңның 2-тарауында белгіленген тәртіпке сәйкес қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталады.
- 25. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.
- 26. Хабарландыруда:
1) жергілікті өкілді органның атауы;
2) құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайлары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі, олардың тізбесі және Заңның 10-бабына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар;
3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.
- 27. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды мәслихатқа қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайына:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
- Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылайды, әрбір кандидатпен әңгімелесуді және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізеді.
- Қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған мүшелері Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін береді.
- Келіп түскен құжаттарды қабылдау және қарау мерзімі өткеннен кейін жұмыс тобы әңгімелесу рәсімін өткізу мерзімдері мен орнын анықтайды және әңгімелесуге қатысушыларды хабардар етеді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған кандидаттардың кәсіпқойлық, жеке қасиеттерін және қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы білуін анықтауға бағытталған, сондай-ақ Қоғамдық кеңеске үміткер мүшелікпен байланысты сұрақтар қойылады.
Қойылатын сұрақтар барлық қатысушы кандидаттар үшін бірдей және саны тең мөлшерде болуы тиіс.
Кандидат пен жұмыс тобының келісуі бойынша әңгімелесу барысы бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен көрсетілуі, сондай-ақ қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
- Әңгімелесу аяқталғаннан кейін жұмыс тобы әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізеді.
Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі.
Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобының басшысы шешуші дауыс беру құқығын өзіне қалдырады.
- Қоғамдық кеңесте мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік етуді мемлекеттік органның басшысы, мәслихат төрағасы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы конкурс өткізбей бекітеді.
- Қоғамдық кеңестің жұмыс тобымен қалыптастырылған құрамын мәслихат төрағасы бекітеді және Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) жергілікті өкілді органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
- Мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған кезде Қоғамдық кеңестің өкілеттіктерін тоқтатқан мүшесінің орнына жаңа мүшесін қосу туралы шешімді тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, мәслихат төрағасы қабылдайды.
- Әңгімелесу рәсіміне қатысқан, бірақ ашық дауыс беру қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдері қатарынан Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімі кейіннен Қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшелерін алмастыру мақсатында жұмыс тобының шешімімен қалыптастырылады.
- Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар қатарынан резервтік тізімге қабылдау конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар берген, бірақ ең көп дауыс жинамаған кандидаттар арасынан жұмыс тобының ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.
Жұмыс тобының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін, резервтік тізімнен кандидаттарды одан әрі іріктеуді Қоғамдық кеңес өз бетінше жүргізеді.
Резервтік тізімде тұрған әрбір кандидат жазбаша өтініш негізінде өз қалауы бойынша одан шығады.
- Резервтік тізіміндегі кандидат Қоғамдық кеңеске мүше болудан бас тартқан және Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінде басқа кандидаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ резервтік тізім болмаған жағдайда Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
Азаматтық қоғам өкілдігінен сайланған Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттігі тоқтатылған кезде жаңа мүшені іріктеу резервтік тізімнен жүзеге асырылады.
Қоғамдық кеңес резервтік тізімнен Қоғамдық кеңестің құрамына алынған жаңа мүшелерді мәслихат төрағасы бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жаңа мүшені іріктеуді Қоғамдық кеңес қосымша конкурс өткізу жолымен жүзеге асырады.
- Қоғамдық кеңес қосымша конкурс өткізу үшін Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.
- 39. Хабарландыруда:
1) жергілікті өкілді органның атауы;
2) құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайлары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі, олардың тізбесі және Заңның 10-бабына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар;
3) Қоғамдық кеңестің коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан шыққан мүшелерінің саны көрсетіледі.
- Қосымша конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөнінде қосымша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мәслихаттың электрондық мекенжайына:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
- Қоғамдық кеңес құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды және осы Ереженің 30-тармағына сәйкес әңгімелесу рәсімін жүргізеді.
Әңгімелесу аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері әрбір кандидат бойынша ашық дауыс береді.
Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі.
Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы шешуші дауыс беру құқығын өзіне қалдырады.
Қоғамдық кеңес құрамына қосымша конкурс қорытындысымен сайланған кандидаттарды мәслихат төрағасы бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
- Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері өкілеттіктерін тоқтатқан Қоғамдық кеңес мүшелері өкілеттіктерінің қалған мерзіміне сайланады (тағайындалады).
- Қоғамдық кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында Заңның 7-бабын басшылыққа алады.
3-параграф. Тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарының ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
- Қоғамдық кеңес тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын: комитеттерді, сараптама топтарын құрады.
- Қоғамдық кеңес тұрақты жұмыс органдары - комитеттерді құрады. Комитеттердің сандық құрамын Қоғамдық кеңес дербес айқындайды, бұл ретте кемінде үш адамды құрайды.
- 46. Комитеттер Қоғамдық кеңестің шешімімен Қоғамдық кеңестің құзыретіне жатқызылған тиісті саланың немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық маңызы бар мәселелерін зерделеу үшін құрылады.
- Комитеттердің құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады, оны Қоғамдық кеңестің өзі айқындайды және оның отырысында бекітіледі.
- Комитеттердің өкілеттігі Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша тоқтатылады.
- Қоғамдық кеңестер уақытша жұмыс органдарын - сараптама топтарын құрады. Сараптама топтары Қоғамдық кеңестің құзыретіне жатқызылған тиісті саланың немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты мәселелерін зерделеу үшін Қоғамдық кеңестің шешімімен құрылады.
- Сараптама топтарының құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және басқа да мүдделі ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады.
- Қоғамдық кеңестің сараптама топтары:
1) зерделенетін мәселелер бойынша материалдармен алдын ала танысуды және қарау қорытындылары бойынша оның бағытына сәйкес мәселелерді Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысында қарауға дайындауды жүзеге асырады және оның бағыттарына сәйкес оларды Қоғамдық кеңестер комиссияларына қарауға ұсынады;
2) зерделенетін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындайды және оларды қоғамдық кеңестер комиссияларында қарау үшін оның бағытына сәйкес ұсынады.
- Нақты мәселе жөніндегі материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша сараптама тобы қорытынды жасайды және оның бағытына сәйкес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясына қарауға жібереді.
Сараптама тобының зерделенетін мәселелер бойынша қорытынды материалдарын Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясының ұсынысы бойынша қарайды.
- Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамының бірінші отырысында қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, төралқа құрамы, Қоғамдық кеңес комиссия құрамдары сайланады.
Төраға мен төралқаның құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасынан азаматтық қоғамнан сайланады.
Төралқа мүшелерінің санын Қоғамдық кеңес өз бетінше айқындайды.
Өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңестің төрағасы өз міндеттерін атқаруды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
Қоғамдық кеңес төрағасының өкілеттігі тоқтатылған жағдайда, оның өкілеттігі жаңа төраға сайланғанға дейін Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша төралқа мүшелерінің біріне беріледі.
3-тарау. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері
- Жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестер өкілеттіктерін Заңның 5-бабына сәйкес жүзеге асырады.
- Қоғамдық кеңес өз қызметін ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Жұмыс жоспарлары Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалады және Қоғамдық кеңес туралы ережеге сәйкес Қоғамдық кеңестің отырысында бекітіледі.
- Қоғамдық кеңес Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін отырыстар өткізеді.
Қоғамдық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.
Отырыстарды дайындау және өткізу кезінде Қоғамдық кеңес мынадай:
1) отырыстардың күн тәртібін, өткізу мерзімдері мен орнын талқылау және бекіту;
2) Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылатын мәселелерді дайындау;
3) осы Ереженің 56-тармағына сәйкес қажетті қатысушыларды шақыру;
4) отырыс өткізу мәселелерін қарайды.
Қоғамдық кеңестің отырыстарын Қоғамдық кеңестің төрағасы не оны алмастыратын адам жүргізеді.
Қоғамдық кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы қол қояды және тиісті интернет-ресурста жарияланады.
Отырыстарды өткізудің өзге де мәселелерін Қоғамдық кеңес туралы ережеге сәйкес Қоғамдық кеңес өз бетінше айқындайды.
- Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
- Қоғамдық кеңестің отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылады.
Қоғамдық кеңес хатшысы Қоғамдық кеңес мүшелерін, шақырылатын адамдарды және отырыстың өзге де қатысушыларын отырысты өткізу туралы алдын ала, бірақ ол өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының төрағасы Қоғамдық кеңес төрағасымен келісу бойынша Қоғамдық кеңес хатшысының міндеттерін Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 1-бабы 36) тармақшасына сәйкес еңбек шарты бойынша тартылатын жұмыскерге жүктейді.
- 59. Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес Заңның 5-бабының 2-тармағында көзделген мерзімде мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарауы және шешімдер қабылдауы міндетті болып табылатын ұсынымдарды қабылдайды.
- Қоғамдық кеңес жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдар жіберген азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды.
- Қоғамдық кеңестің хатшысы нормативтік құқықтық актінің жобасын алған кезден бастап ұсыныстар енгізу үшін бір жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңес мүшелеріне қағаз немесе электрондық жеткізгіште не электрондық пошта арқылы жіберуді ұйымдастырады.
- Қоғамдық кеңестің мүшелері екі жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қарап, Қоғамдық кеңестің хатшысына нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау немесе нормативтік құқықтық актінің жобасын қараусыз қалдыру жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлайды.
- Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің келіп түскен ұсыныстарын түпкілікті шешім қабылдау үшін Қоғамдық кеңес төрағасының қарауына енгізеді.
- Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау немесе қараусыз қалдыру жөніндегі шешімі Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- 65. Қоғамдық кеңес шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңестің хатшысы жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдарды Қоғамдық кеңестің қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.
- 66. Қоғамдық кеңес нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасы Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өтетін оның отырысына қарау үшін енгізіледі.
- 67. Нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау қорытындылары бойынша шешім Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Қоғамдық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- 68. Дауыс беру қорытындыларын ескере отырып, Қоғамдық кеңестің хатшысы қаралатын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Қоғамдық кеңес ұсынымдарының жобасын дайындайды және Қоғамдық кеңестің төрағасына қол қоюға енгізеді.
- 69. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын Қоғамдық кеңестің төрағасы қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауға ұсынған жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдарға қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде не электрондық мекенжайына жібереді.
- 70. Заңның 5-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік органның немесе өңірдің тиісті қызмет саласының қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарайды;
- 71. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өз құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органға немесе жергілікті өкілді органға өтініш жіберу туралы;
2) осы өтінішті Қоғамдық кеңестің отырысында қарау туралы;
3) келіп түскен өтінішті қарау бойынша қоғамдық бақылау нысандарының бірін өткізу туралы. 72. Қоғамдық кеңестің хатшысы өтініш берушіге оның өтінішіне дайындалған жауапты заңнамада көзделген мерзімде жібереді.
- 73. Қоғамдық кеңестің төрағасы өз өкілеттіктері шеңберінде:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) отырыстарда төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
- Ұйымдастырушылық мәселелерді шешуді, Қоғамдық кеңес отырыстарын дайындауды және өткізуді, Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңестің хатшысы:
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
- Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.
|
|
Қызылорда қаласының Қоғамдық
кеңесі туралы ережеге 1-қосымша
|
|
|
Нысан
|
|
|
Кімге _____________________ (жергілікті өкілді органның атауы) __________________________ тұратын (елді мекен, көше, үй, пәтер) кімнен_________________ __________________________ (өтініш берушінің аты, жөні,тегі (бар болған жағдайда), жеке куәлік № ____, берілді (қашан, кім))
|
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________
Жұмыс тобының құрамына енгізу үшін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
|
|
Қызылорда қаласының Қоғамдық
кеңесі туралы ережеге 2-қосымша
Нысан
|
|
|
Кімге ______________________ (жергілікті өкілді органның атауы) __________________________ тұратын (елді мекен, көше, үй, пәтер) кімнен _____________________ ____________________________ (өтініш берушінің аты, жөні, тегі (бар болған жағдайда), жеке куәлік № ____, берілді (қашан, кім))
|
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________
Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.