Мәслихат тарихы
Ата Заманымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында:
«Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық.
Жергілікті өкілді органдар – Мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды» - деп көрсетілген.
Мәслихаттардың құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңымен реттеледі.
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі мен жергілікті өкілді органдары депутаттардың сайлауы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Маңғыстау аудандық депутаттарының сайлауы 1994 жылғы 7 наурызда өтті.
Сайлау нәтижесінде Бірінші сайланған Маңғыстау аудандық Мәслихаты 26.03.1994 жылы құрылды.
Еңбекшілер депутаттары, халық депутаттары атанған бұрынғы аудандық, поселкелік, селолық Кеңестердің мұрагері, олар атқарған сан алуан қызметтердің жалғастырушысы – аудандық Мәслихаттың халық аманатын арқалап қалтқысыз қызмет еткеніне де 29 жыл.
Пайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 09 ақпан 2023АқпаратМәслихат тарихы