2022 жылдың 19 мамырда Құрманғазы аудандық мәслихаттың Экономика, салық, бюджет саясаты және сауда мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болып өтті. Тұрақты комиссия отырысына жоғарыда аталған комиссияның төрағасы Кенжебаев Бержан Ахонұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Жүгінісов Болат Теміржанұлы, аудандық мәслихаттың депутаттары Хұсайнов Нұрлан Меңдіғалиұлы, Зайнеденов Ақәділ Серікқалиұлы, Капуова Сандуғаш Ғариполлақызы, Қалиева Гүлжанат Ғаділханқызы, Жұмалиев Талғат Серікбайұлы, Хисметуллин Ерлан Уәлитханұлы және Құбашев Есболат Захарұлы мен ауылдық округтердің әкімдер қатысты. Сонымен қатар ZOOM плаформасы арқылы Атырау облысы бойынша Тексеру комиссияның мүшесі Кайрошева Гүлпан Мұхитқызы қатысты.
Тұрақты комиссия отырысын Бержан Ахонұлы ашып, Комиссия отырысының күн тәртібінде «2021 жылға арналған аудан бюджетінің және ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалысы туралы» мәселелер қаралатынын айтты.
Күн тәртібіндегі 1-ші және 2-ші мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселелерді аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Баймуханова Нурия Бауыржанқызы баяндама жасады.
Ол: 2021 жылы аудан бюджетінің табыс бөлігі жоспарланған 14 114 009,0 теңге орнына 14 251 914,4 мың теңге түсімдер түсіп, 101,0 пайызға орындалып, салық түсімдері бойынша 3 272 269,0 мың теңге жоспар бойынша 3 365 406,4 мың теңге болып, 102,8 пайызға және салықтан тыс түсімдер 37 945,0 мың теңге жоспар 43 090,7 мың теңге болып, 113,6 пайызға орындалғанын айтты. Сонымен қатар, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 68 154,0 мың теңге жоспар 107 776,4 мың теңге болып, 158,1 пайызға орындалған.
Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер бойынша:
а) 1 198 721,0 мың теңге жоспар, 1 198 721,0 мың теңге болып, 100,0 пайызға;
ә) нысаналы даму трансферттері 3 374 157,0 мың теңге жоспар, 3 374 157,0 мың теңге болып, 100,0 пайызға;
б) субвенция 6 162 763,0 мың теңге жоспар, 6 162 763,0 мың теңге болып 100,0 пайызға орындалған. Құрманғазы аудандық бюджеті бойынша 2021 есепті қаржы жылына жоспарланған бюджет кірістерінің барлық салық түсімдер түрлері орындалып, жоспардан 137 905,4 мың теңге артық орындалғанын айтты.
Сонымен қатар аудандық бюджеттің әр салалары мен ауданға қарасты ауылдық округтердің 2021 жылғы бюджеттерінің орындалысы жөнінде қысқаша айтып өтті.
Одан кейін Бержан Ахонұлы жалпы аудан бойынша 2021 жылы игерілмей қалған қаржы бойынша баяндамашыға сұрақ қойды.
Нурия Бауыржанқызының айтуы бойынша былтыр тек Құрманғазы ауылдық округі бойынша қаржы игерілмей қалғаны жөнінде айтты.
Одан кейін келесі сөз кезегі Атырау облысы бойынша Тексеру комиссияның мүшесі Кайрошева Гульпан Мұхитқызына берілді. Ол: Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылғы Құрманғазы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебін айтты. Оның ішінде: Өңірдің әлеуметтік–экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау, бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалау, жекелеген бағыттар бойынша нәтижелерге қол жеткізу және тұжырымдар мен ұсынымдар туралы бөлімдер бойынша баяндама жасады.
Одан кейін келесі сөз кезегі Нұржау ауылдық округінің әкімі Мұғалім Мұрабек Рифхатұлына берілді. Ол: Нұржау ауылдық округтің 2021 жылғы атқарылған бюджеттері туралы баяндама жасады. Баяндамасында, округ әкімі аппаратының қызмет көрсету, аудандық бюджеттен берілетін траснсферттер есебінен, жергілікті деңгейде мәдени жұмыстарды қолдау, көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, ауылдық округтің коммуналдық меншіктік басқару және өңірлерді дамыту бағдарламалары бойынша атқарылған жұмыстары туралы айтты.
Сөз соңында Бержан Ахонұлы: Баяндамашыға 2021 жылдың аудан және ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалысы туралы толық ашып айтылмағандығын, сессияға жоғарыда көрсетілген мәселені жіберместен бұрын қосымша зерделеу мақсатында тағы да бір рет тұрақты комиссия отырысында пысықтап қарау жөнінде ұсынысын айтты. Келесі тұрақты комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен жауапты мекеме басшыларын қатыстыру жөнінде депутаттар тарапынан да ұсыныстар жасалды.