Меню

Страницы

Статья

Тұрақты комиссия отырысы

2022 жылдың 9 наурызында Құрманғазы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның біріккен отырысы болып өтті. Комиссия отырысының күн тәртібінде:

  1. «Аудан бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асыру барысы туралы есебі»;
  2. «Өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы ауылдық округтері әкімдерінің есептері»;
  3. «Құрманғазы  аудандық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
  4. «Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №210-VI «Құрманғазы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»;
  5. «Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №364-V «Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  6. «Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 10 қаңтардағы №6-VII «2021-2025 жылдарға арналған Құрманғазы ауданын дамыту бағдарламасы туралы» шешімін жою туралы»;
  7. «Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9-VІІ «Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  8. «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 22 наурыздағы №285-VІ «Аудан әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  9. «Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 маусымдағы №33-VІ «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  10. «Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 24 ақпандағы №130-VІ                     «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  11. «Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 28 сәуірдегі №160-VІ «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
  12. «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 наурыздағы №286-VІ «Құрманғазы ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарламаны аудан әкімінің орынбасары Г.Хасанова баяндап өтті. Г.Хасанованың хабарламасынан соң,  депутаттар хабарламашыға сұрақтар қойып, депутаттар тарапынан сыни пікірлер болды.  

Себебі, депутаттар тарапынан құрылған уақытша комиссия Құрманғазы ауданының Жастар ресурстық орталығында «Аудан бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асыру барысы туралы есебі» туралы мәселені зерделеу барысында мекеменің Жұмыс жоспарлары, функционалдық міндеттері т.б. құжаттары жоқ екендігі анықталып, жалпы жұмыс барысында құжаттары толық еместігі туралы кемшіліктер анықталды. Тұрақты комиссияның біріккен отырысы барысында депутаттар тарапынан ескертулер берілді.    

Күн тәртібіндегі «Өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы ауылдық округтері әкімдерінің есептері» туралы мәселе бойынша Мақаш ауылдық округінің әкімі Б.Кадыров пен Бірлік ауылдық округінің әкімі Г.Абенова қысқаша хабарламалары тыңдалды. Мақаш және Бірлік ауылдық округі әкімдерінің хабарламаларында атқарылған жұмыстары бойынша мәслихат депутаттары тарапынан сұрақтар қойылып, алдағы уақытта атқарылатын және проблемалық мәселелерді қозғады.

Күн тәртібіндегі 3-ші және 4-ші мәселелер бойынша шешімдердің жобаларымен мәслихаттың бөлім басшысы А.Әнес таныстырып өтті.

Күн тәртібіндегі 5-ші мәселе бойынша шешімнің жобасымен                     Ақкөл, Байда, Құрманғазы ауылдық округтерінің әкімдері таныстырып өтті.

Күн тәртібіндегі «Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 10 қаңтардағы   №6-VII «2021-2025 жылдарға арналған Құрманғазы ауданын дамыту бағдарламасы туралы» шешімін жою туралы» мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Баймуханова таныстырып өтті.

Күн тәртібіндегі «Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы     №9-VІІ «Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 22 наурыздағы №285-VІ «Аудан әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, терроризмге қарсы комиссия құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер бойынша аудандық құқықтық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру даярлығы бөлімінің басшысы М.Мустахишев хабарлама жасады.

 

Дата публикации
04 апреля 2022
Дата обновления
04 апреля 2022
Тип
Для СМИ

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
11 апреля 2023
Постоянной комиссии по вопросам социальной сферы, молодежной политики, законности, правовой и депутатской этики
Информация
26 мая 2022
Құрманғазы аудандық мәслихаттың Экономика, салық, бюджет саясаты және сауда мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы