Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес:
- 2024 жылғы 12 желтоқсаннан 18 желтоқсанға дейінгі мерзімде 2023 жылғы 27 желтоқсаннан 2024 жылғы 18 желтоқсанға дейінгі есепті кезеңде «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:
1) «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты тұлға – «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Айжана Эрбулановна Тлеугалеева болып белгіленсін.
- Осы өкімнің орындалуын басқару, үйлестіру, жауапкершілік және бақылау Айжана Эрбулановна Тлеугалееваға жүктелсін.
Қостанай қалалық
мәслихатының төрағасы О. Байгабулов
7
18 желтоқсан 2024 16:32
18 желтоқсан 2024