Көксу ауданың Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы Х  А  Б  А  Р  Л  А  Н  Д  Ы  Р  У 

      Көксу ауданың Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Көксу ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

     Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

   Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.

 

 Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің   3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша  келісуі арқылы ұсынады.

   «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының беретін  өкілеттігі шеңберінде жұмыс тобының  айқындауы  бойынша  Көксу ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы – 13 мүше, оның ішінде мемлекеттік органнан – 3 мүше, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан  –  10 мүше. 

Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін  он жұмыс күні ішінде (28.09.2026 - 12.10.2026) конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қолма-қол немесе электрондық мекенжайға (kkkoksu@mail.ru)  құжаттарды ұсынады.

 

 

 Конкурсқа қатысуға ниет білдіретін азаматтарға:

 Индексі 041200, Жетісу облысы,

Көксу ауданы, Балпық ауылы, Мырзабекова, №38

2 қабат, Көксу ауданының  Қоғамдық кеңес хатшысының   жұмыс кабинеті

Байланыс телефондары:
8 (72838) 20390,

Электрондық пошта: kkkoksu@mail.ru

Қабылдау уақыты: 9:00-ден 18:30-ға дейін,

Үзіліс: 13:00 - 14:30.

Басталу уақыты

28 қыркүйек 2026

Соңғы күні

12 қазан 2026

Оқиға түрі

Хабарландыру