ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Қазалы аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының босаған мүшелерінің орындарына сайлау өткізу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты №56, №66, №71, №75, №78, №85, №86, №90, №91 және №92 учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған 16 мүшелерінің орнына сайлау өтетіндігін хабарлайды. Барлығы: 16 орын.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
№56 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстан халық партиясынан», «Байтақ» партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Қазалы Жомарт», «Сауал әлеуметтік зерттеу және ақпараттық талдау орталығы», «Ардагерлер одағының Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігі», Қазалы аудандық «Білім беру саласының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінен;
№66 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында AMANAT» партиясынан, Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және «Қазалы Жомарт», «Ардагерлер одағының Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестіктерінен;
№71 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында AMANAT» партиясынан «Қазақстан халық партиясынан», «Байтақ» партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Қазалы Жомарт», «Ардагерлер одағының Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестіктерінен;
№75 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында AMANAT» партиясынан, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінен;
№78 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «Байтақ» партиясынан «Қазақстан халық партиясынан» және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінен;
№85 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT» партиясынан, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстан халық партиясынан» және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Қазалы Жомарт», «Ардагерлер одағының Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестіктерінен;
№86 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT» партиясынан, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстан халық партиясынан», «Байтақ» партиясынан;
№90 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Қазалы Жомарт», «Ардагерлер одағының Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестіктерінен;
№91 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT» партиясынан, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстан халық партиясынан», «Байтақ» партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Қазалы Жомарт», «Сауал әлеуметтік зерттеу және ақпараттық талдау орталығы», «Ардагерлер одағының Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігінен;
№92 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстан халық партиясынан», «Байтақ» партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Қазалы Жомарт», «Ардагерлер одағының Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігінен;
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 25 тамыздан бастап, 9 қыркүйекке дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихаттың gov.kz сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 9 қыркүйекке дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.
Қазалы аудандық мәслихаты
Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі №130 үй.
Жауапты адам–Орынбаев Еркін Суханұлы, ауданаралық телефон коды (8-724-38-79-2-80), қызметтік телефон 32-11; 32-53; ұялы телефоны: 8-702-477-15-27, электрондық пошта мекенжайы: kazaly-maslihat@mail.kz
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, әкімдікке қарасты дербес бөлімдер басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде қаралған «Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Шәкен ауылдық округіндегі атауы жоқ көшелерге көше атауын беру туралы» және басқа да ағымдағы мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылұлы хабарлама жасады.
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай жоғарғы органның сараптамасынан өткен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тізімдері кент, қала, ауылдық округ әкімдіктеріне жолданып, жергілікті жерде ономастиканың қолданыстағы заңнама талаптарының алгоритміне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, атауы жоқ көшелерге басым бағыт берілді.
Осыған сәйкес, Әйтеке би кентінен-14, Қазалы қаласынан-5, Шәкен ауылдық округінен-1, барлығы 20 Ұлы Отан соғысы қатысушыларына көше атаулары мен басқа да ағымдағы мәселелер қаралып, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес 2025 жылғы 8 шілде күні сағат 15:00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХI сессиясы шақырылады.
Сессияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралады:
Қазалы аудандық мәслихатының аппараты
Главный специалист отдела аудита соответствия департамента внутреннего государственного аудита по Кызылординской области-государственный аудитор М. Прмантаев. Государственные служащие должны соблюдать ограничения, указанные в статье 12 Закона Республики Казахстан "О противодействии коррупции", а также осуществлять деятельность, несовместимую с выполнением государственных функций; использовать служебную и иную информацию, не подлежащую официальному распространению, в целях получения или извлечения имущественных и неимущественных благ и преимуществ; за действия (бездействие) в пользу лиц, предоставивших материальное вознаграждение, подарки или услуги, их принятие, если такие действия входят в служебные полномочия лиц, указанных в абзаце первом настоящего пункта, или если эти лица могут способствовать таким действиям (бездействию) в зависимости от должностного положения; Принимает антикоррупционные ограничения по открытию и владению счетами (вкладами) в иностранных банках, расположенных за пределами Республики Казахстан, хранению наличных денег и ценностей в иностранных банках, расположенных за пределами Республики Казахстан.
Кроме того, в соответствии со статьей 13 настоящего Закона должностным лицам:
1) самостоятельно участвовать в управлении хозяйствующим субъектом, содействовать удовлетворению материальных интересов организаций или физических лиц путем неправомерного использования их служебных полномочий в целях получения имущественных или иных благ, если управление или участие в управлении хозяйствующим субъектом не входит в их должностные обязанности в соответствии с законами Республики Казахстан;
2) заниматься предпринимательской деятельностью, за исключением приобретения и (или) реализации паев открытых и промежуточных паевых инвестиционных фондов, облигаций на организованном рынке ценных бумаг, акций коммерческих организаций (простых акций в объеме не более пяти процентов от общего количества голосующих акций организаций) на организованном рынке ценных бумаг;
3) заниматься другой оплачиваемой деятельностью, за исключением педагогической, научной и иной творческой деятельности.
В соответствии с пунктами 6)-13-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" государственный служащий обязан: соблюдать служебную дисциплину; соблюдать ограничения, установленные законами Республики Казахстан; соблюдать служебную этику; приказы и распоряжения руководителей, решения и указания вышестоящих органов и должностных лиц, если они изданы в пределах их должностных полномочий, выполнять их; хранить государственные секреты и иную охраняемую законом тайну, в том числе хранить в течение установленного законом времени после прекращения государственной службы, выдавать о ней расписку; не разглашать сведения, получаемые при исполнении должностных полномочий, затрагивающие личную жизнь, честь и достоинство граждан, и предоставлять такую информацию из них, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан не требовать государственной собственности; обеспечивать сохранность государственной собственности, использовать вверенную государственную собственность только в служебных целях; о ставших им известными, готовящихся, совершаемых или совершенных случаях коррупционных правонарушений незамедлительно доводить до сведения вышестоящего руководителя и (или) руководства государственного органа, в котором они работают, и (или) уполномоченных государственных органов; предупреждать коррупционные правонарушения со стороны подчиненных государственных служащих.
Руководитель аппарата Государственного учреждения "Аппарат Казалинского районного маслихата" К. Мухамбет отметил, что среди сотрудников учреждения регулярно проводятся мероприятия по «профилактике правонарушений и коррупции, шантажа», в ходе работы на еженедельном аппаратном совещании сотрудникам постоянно говорят о профилактике коррупции, разъясняют вопросы борьбы с коррупцией,- мероприятия будут интенсивно реализовываться в организациях образования.
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 34 СЕССИЯСЫ МЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.
Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Әбсұлтанов, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының күн тәртібінде «Аудандағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатта пайдалану бағытында атқарылған жұмыстар туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша аудандық жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркін Сейтов хабарлама жасап, аудандық мәслихаттың депутаттары: Ғазиз Әліш, Эльмира Нұрмағанбетова мемлекет меншігіне қайтарылған жеке және кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерді кезекте тұрған тұрғындарға кезектілігіне сәйкес беру туралы, Әділбек Сарабеков көктем мезгілі келе жатқандықтан, аудан тұрғындары жер қойнауын пайдалану үшін /саз, құм/ карьер ашу жұмыстарын үйлестіру жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Әліш Ғазиз аудандағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатта пайдалану бағытындағы жұмыстар Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес атқарылуы керектігі жөнінде айтты. Комиссия отырысының соңында депутаттардың дауысқа салу қортындысымен тиісті қаулы қабылданды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысынан соң аудандық мәслихаттың кезектен тыс 34 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Әбсұлтанов, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті. Сессияның күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылды:
1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2.Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы комиссияның құрамын бекіту туралы;
3. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің кейбір көшесіне атау беру туралы;
4.Қазалы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бахытжан Жарылқап хабарлама жасап, аудан бюджетіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Әлиев, төртінші мәселе бойынша аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейтов хабарлама жасады.
Хабарламашыларға депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіне шығарылған 4 мәселе бойынша депутаттардың дауысқа салу қортындысымен шешім қабылданды.
Сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, сессияға ұсынылған мәселелер жан-жақты талқыланды.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары: Жанкелді Ысқақ, Ібайдулла Тілеп, Нұрлан Имандосов жұмыс сапарымен ауданымызда болып, Абай, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық мәслихаттың депутаттары Әділбек Сарабеков, Нұрғиса Жалғасбаев және ауыл тұрғындары қатысты.
Облыстық мәслихаттың төрағасы ауыл тұрғындарына облыс әкімінің бастамасымен өңірімізде іске асырылып жатқан жұмыстарды хабарлап, депутаттардың атқарушы органдармен бірлесе атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.
Ауыл тұрғындары жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, мектеп, балабақша салу, қоғамдық көлік мәселесін реттеу, тағы да басқа әлеуметтік мәселелерді депутаттар назарына жеткізді. Халық қалаулылары айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуын бақылауға алатындарын білдірді.
Кездесу барысында облыстық мәслихаттың төрағасы М.Тлеумбетов Бекарыстан би ауылындағы №24 мектепті аралап, білім ошағының күрделі жөндеуге жарамайтынына көз жеткізді. Сондай-ақ, Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 мектепте болып, ауыл тұрғындары мектептің апаттық жағдайда екенін айтып, жаңадан мектеп салу қажеттігін білдірді.
Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді
Аудандық мәслихаттың төрағасы Әліш Ғазиз бастаған топ құрамында аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Орысбек Жамшейітов, Әйтеке би кенті әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Боранқұлов Жарқын, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Мұхамбет Кенжебек және аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Қожахметов Олжас жасөспірімдер жиналатын кафе мен ойын сауық орындарында болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.