
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор М.Прмантаев. Мемлекеттік қызметкерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабында көрсетілген шектеулерді сақтау қажет екенін, сонымен қатар мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру; мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану; материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Сонымен қатар, осы Заңның 13-бабына сәйкес, лауазымды адамдарға:
1) егер шаруашылық етуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, мүліктік немесе өзге де игіліктер алу мақсатында өздерінің қызметтік өкілеттіктерін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге;
2) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 6)-13-1)-тармақтарына сәйкес, мемлекеттік қызметкер: қызметтік тәртiпті сақтауға; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға; қызметтік әдепті сақтауға; басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға; мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге; лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға; өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге; бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға міндетті екенін айтты.
«Қазалы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы К.Мухамбет - мекеме қызметкерлерінің арасында «Құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың, бопсалаудың алдын алуда» іс шаралар үнемі жүргізіліп отырғанын, жұмыс барысында, апта сайынғы аппараттық жиналыста қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы үнемі айтылып отыратыны жөнінде айта келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, іс-қимыл шаралары білім беру ұйымдарында қарқынды түрде жүзеге асырылатынын мәлімдеді.