23.01.2019 23.01.2019ж. Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті

23.01.2019 23.01.2019ж. Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті

Біріккен отырыста келесі мәселелер қарастырылды:

1. «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасының» коммуналдық шаруашылықты, сумен қамту жүйесі және су бұру жүйесін, инженерлік инфрақұрылымды дамыту бөлігінде орындалуына қатысты Тексеру комиссиясының аудит қорытындыларын қарастыру

Аудиторлық қорытындымен Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі В.Ф. Александрова сөз сөйледі.

Бюджеттік қаражатты игеру мониторингтерінің негізінде 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша іс-шаралардың жүзеге асырылуын талдау арқылы 4 жоба бойынша проблемалар анықталды. Бюджеттік қаражаттың тиімді игерілмеуіне мемлекеттік сараптама қорытындысын кеш алу, Мекемемен мемлекеттік сатып алу ресімін кеш өткізу себеп болды. Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Өңірлерді дамыту  2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың пайдалануына мемлекеттік аудит пен сараптама-талдау іс-шараларының қорытындыларын ескере отырып «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ-не жер учаскелерін беру және құқығын куәландыратын құжаттарды дайындау бойынша бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар енгізу ұсынылды. 

 

2. Қысқа мерзімде жолдарды, жүргіншілер жолдарын және аялдамаларды күтіп ұстау бөлігінде жүзеге асыру барысы туралы

 

Қалалық мәслихат депутаттары қаланың Қоғамдық кеңесімен, Қарағанды қаласының ПБ Әкімшілік полиция бөлімімен бірге жолдарды, жүргіншілер жолдарын және аялдамаларды қысқа уақытта сырттай қарау үшін 2019 жылдың 16 қаңтарында комиссиялық орынға шықты.

Орынға шығу қорытындылары және Қарағанды қаласының ПБ ӘПБ ақпараты бойынша келесі тұжырымдар жасалды:

2018 жылдың қараша айының аяғында жауған қарды жинау деңгейі мен уақыттылылығы Қарағанды қаласының автомобиль жолдарын күтіп ұстауға қатысты проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетеді.

Көп көшелерде жолдың жүру бөлігінің барлық кеңдігінде қар үйіндісі, орындарда ізаралықтар бар, жекелеген жолдардың жүру бөліктерінде қар үйілген және шығарылмаған (жолдың жүру бөлігін тарылтады), автобус аялдамаларының кірме орындарының барлық кеңдігінде қар үйілген, қызылсу мұзы, ал кей жерлерде «төмпешіктер» бар (сол үшін кейбір автобустар аялдамаларға кірмейді және жолаушыларды автожолдың бірінші жолағында түсіріп-мінгізеді, бұл аса қауіпті).

Мәселенің талқылануын ескере отырып, «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не көше-жол желісін қысқы және жазғы уақыттарда күтіп ұстау жұмыстарын бөлу мүмкіндігін қарастыру; шарт жасасу мерзімін 3 жылға дейін ұзарту (басқа қалалардың үлгісі бойынша); көшелерді күтіп ұстау жұмыстарының соңғы нәтижелері бойынша төлем жүргізу; көшелерді жинау еселігі мене жұмыс түрлері бойынша есептеулерді ұсыну; көшелерді жинау санаттары мен еселігін қайта қарастыру; қала көшелерін қысқы уақытта күтіп ұстау бойынша бюджеттік бағдарламаны құрастыру кезінде жеке сектор көшелерін грейдермен тегістеу бойынша жұмыс түрлерін ескеру үсынылды.

 

3. «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің  бюджеттік бағдарламаны, мүгедектерге жеке көмекшілердің қызметтерін ұсыну бөлігінде жүзеге асыру мәселесін қарастыру туралы

 

«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары М.Р.Галиуллиннің, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю.Любарскаяның,  «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы А.Қ.Апақашеваның, қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелерінің, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы бөлімінің бастығы  С.А.Ахметовтің, «Қазақ зағиптер қоғамы» ҚБ Қарағанды облыстық басқармасы басшысының м.а. О.Б.Майбасовтың, «Қазақ зағиптер қоғамы» ҚБ мүшесі А.Егеубаевтың, «Qamqor plus» ҚБ төрағасы Н.Сундиталиевтің, «Лайықты Өмір» ҚБ төрағасы А.М.Ивкиннің,  «Лайықты өмір» ҚБ мүшесі С.Пономареваның, көру қабілеті бойынша мүгедек Т.Юн мен В.Юннің,  мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері Ж.Ж.Байтоковтың, У.У.Закариннің, А.Р.Абдикаримовтің, Д.Тлемисовтің қатысуымен күн тәртібіндегі мәселенің талқылауын ескере отырып, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Б.Ж.Жайназаровқа жеке көмекшілердің қызметтері үшін төлемді күнтізбелік жылдан бастап  шарт жасасқан күнді ескерусіз жүргізу; мүгедектер, жеке көмекшілер және Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері арасында жеке көмекшілердің қызметтерін ұсынуға шарттар жасасу кезінде қолайлы жағдай құру, соның ішінде Сұрыптау кентінде қызмет көрсету пункттерін қарастыру бойынша;  Бөлімнің Майқұдықтағы филиалының үй-жайына пандустарға қойылатын талаптармен сәйкестікке келтіру бойынша келесі шаралар қолдану ұсынылды.