Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссиясының бос орындары туралы ХАБАРЫ

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының

учаскелік және округтік сайлау комиссиясының

бос орындары туралы

ХАБАРЫ

 

 

            Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (Бұдан әрі-сайлау туралы Заң) 10-бабына сәйкес, Қарағанды облысының Нұра аудандық мәслихаты учаскелік және округтік сайлау комиссиясының бос орындары туралы хабарлайды.

            Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.

            Әрбір саяси партия тиісті учаскелік және округтік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

            Саяси партия учаскелік және округтік сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы.

            Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда аудандық мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша учаскелік және округтік сайлау комиссияларын сайлайды.

            Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың27қаңтардың сағат 09.00-дан 11ақпанның сағат 18.00-ге дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

            1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

            2) тиісті учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

            3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

            4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша учаскелік және округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері;

            5) жеке куәлігінің көшірмесі.

            Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-nurinsk/activities/directions?lang=kk).

            Учаскелік және округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адам сайлау туралы Заңның талаптарына сай болуы керек.

            Учаскелік және округтік сайлау комиссиясының мүшесі мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

            Учаскелік және округтік сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

            Бір учаскелік және округтік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

            Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

 

            Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың11 ақпанынадейін дүйсенбі жексенбі арасында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

            Мәслихаттың орналасқан жері: Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44.

 

            Жауапты тұлға:НазгүлҚанаят, кабинет № 5, қызметтік телефон: 8 (721 44) 22 780, ұялы телефон: 8 777 290 92 93, электрондық пошта мекен-жайы: maslihatnurinsk@mail.ru.

 

 

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты 9 учаскелік және округтік сайлау комиссиясының бос орындарына мүшелерін сайлайды:

 

Учаскелік сайлау комиссиясы – 9:

 

№

 

Сайлауучаскесініңнөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

 

Сайлауучаскесініңмекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Бос орын саны

1

516

Мәдениет үйінің ғимараты

Көбетей ауылы, Қазақстан көшесі, 4

5

1

2

518

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің Тірек мектебінің (ресурстық орталығы)

Нұра кенті, Жеңіс көшесі, 9.

 

7

 

1

3

519

М. Жұмабаев атындағы білім беретін мектеп ғимараты

Нұра кенті, Талжанов көшесі, 12

5

1

4

530

 

Ауылдық клуб ғимараты

Ақмешіт ауылы, Д.Шалабевков көшесі, 26

5

1

5

531

Д. Шалабеков атындағы бастауыш мектеп ғимараты

Қантай ауылы, Абая көшесі, 1

5

1

6

533

Мәдениет үйінің ғимараты

 Қайнар ауылы, Сарыарка көшесі, 2-а

7

1

7

535

Мәдениет үйінің ғимараты

Тассуат ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 16

5

2

8

536

Ауылдық клуб ғимараты

Заречное ауылы, Ленина көшесі, 10

5

1

9

539

Ауылдық клуб ғимараты

Куланотпес ауылы, , А.Бокейханова көшесі, 8

5

1

 

Округтік сайлау комиссиясы – 1:

 

№

 

Округтік сайлау комиссияның нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

 

Сайлауучаскесініңмекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Бос орын саны

1

7

Қарой орта мектебінің ғимараты

Карой ауылы, Алтынсарин көшесі, 29

7

1

 

Қарағанды облысы

Нұра аудандық мәслихаты

Жарияланған күні

26 қаңтар 2026 18:42

Жаңарту күні

28 қаңтар 2026

Түрі