Бұқар жырау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссиясының 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы қыркүйек аралығындағы жұмысы туралы есебі
Құрметті депутаттар және тыңдаушылар!
Аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-15 баптарына сәйкес, аудандық мәслихатпен бекітілген Бұқар жырау аудандық мәслихатының регламенттеріне жүгіне отырып, жүзеге асырылады.
Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарының ішінен 6 - мүшеден құрылған Бұқар жырау аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы өзінің жұмысын үшінші жыл белсенділікпен атқарып келеді. Үш жыл ішінде комиссия құрамында өзгерістер де болды.
Тұрақты комиссиямен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ауданымыздағы әлеуметтік жағдайларға қатысты аса назар аударылып, отырыстары өткізіледі. Келесідей өзекті мәселелер комиссия мүшелерімен толық қаралып, отырыстарда талқыланған болатын, олар:
- Ауданның қоғамдық орындарында және елді мекендердің көшелерінде бейнебақылау камераларын орнатуға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану бойынша кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің жұмысы туралы.
- Баймырза, Тоғызқұдық, Ростов, Үштөбе, Самарқанд ауылдық округтері әкімдерінің халықты флюорографиялық тексеру әдісімен туберкулездің алдын алу және ерте анықтау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарына жәрдемдесу және туберкулезбен ауыратын және ауырған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жұмысы туралы.
- Ауданның атқарушы органдарының аудандағы мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету, тарихи және мәдени мұраларын сақтау, аудан аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі жұмысы туралы.
- Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды
және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі жөнінде.
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссиясының есебі туралы.
- Ауданның әлеуметтік-мәдени тұрмыс және коммуналдық тұрғын үй
қоры объектілерінің 2024-2025 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.
- Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
Тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында негізінен әлеуметтік салаға қатысы жоқ басқа да мәселелер қаралады:
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін дамыту және күтіп-ұстау мәселелері бойынша аудан әкімдігінің есебі туралы.
- Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған аудан
әкімдігінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы туралы 2024 жылғы есебі жөнінде.
- 2024 жылғы аудандық бюджеттің, ауданның ауылдары, кенттері,
ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы.
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің
орындалуы туралы есебі туралы.
- 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- 2025-2027 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық
округтерінің бюджеттері туралы.
- «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының мемлекеттік активтер
және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.
- «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудан халқын жолаушылар тасымалымен, автокөліктің үздіксіз және қауіпсіз қозғалысымен, автожолдардың тиісті техникалық жағдайымен, сумен жабдықтау, су бұру жүйелері мен жылу желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.
- 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- 2022-2024 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық
округтерінің бюджеттері туралы.
Сонымен қатар, тұрақты комиссиялардың отырысында жылына бір рет облыстық тексеру комиссиясының ұсынымдары қаралады.
Комиссия мүшелері Қарағанды облысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментімен әлеуметтік желілер арқылы онлайн режиминде ұйымдастырылған қоғамдық тыңдауларына қатысады.
Мәслихат депутаттары жұмыс барысымен тұрақты түрде Ботақара кентіндегі, Үштөбе, Доскей ауылдарының көп қабатты тұрғын үйлер құрылысының нысандары мен күрделі және ағымдағы жүргізіліп жатқан Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын аралап, мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесіп отырады. Тапсырыс берушінің, мердігердің және бақылаушы ұйымның уәкілетті тұлғаларына тексеру барысында аудандық мәслихат депутаттарымен жүргізіліп жатқан жұмыстардың мерзімі мен сапасы бойынша, оның ішінде өткен тексерістен бастап шешілмеген ескертулерді жою бойынша ұсынымдар беріледі.
Сессияда, аудандық сайлау комиссиясының шешімінің негізінде ауданның сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған мүшелердің орнына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде аудандық мәслихатпен жаңа мүшелері сайланды.
Тұрақты комиссияның мүшелері әрдайым Мәжіліс, Сенат және облыстық мәслихаттың депутаттарымен жұмыс барысында кездесіп, пікір алмасады.
Комиссия мүшелерімен бекітілген кестеге сәйкес өз сайлау округтерінде тұрғындарды қабылдау, кездесулер ұйымдастырылады, азаматтардың әрбір салалар мен қоғамдық ортада әлеуметтік тұрмыстық жағдайларға қатысты көтерілген проблемалық мәселелерді, мысалы тиісті органдарға уақтылы жеткізуде жергілікті жиналыстарға қатысып, өз өкілеттігі аясында хаттар жолданып, шешу жолдарын мұқият зерделеп, көмек береді.
Депутаттар ауылдың қоғамдық жұмыстарынан, абаттандыру, тазалық жүргізу сенбіліктерінен тыс қалмайды, елді-мекендерде өтетін жиындарға (әкімдердің халық алдында есеп беруі, қоғамдық тыңдаулар, жергілікті қоғамдастық отырысы) т.б. тұрақты түрде қатысып отырады.
Еліміздің атаулы және ұлттық, мемлекеттік мереке күндері қарсаңында өтетін әрбір мәдени шараларында тұрғындарды құттықтау, еңбек және тыл ардагерлеріне, аз қамтылған отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, үрдіс бойынша сый-сияпат жасалынады.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығы қарсаңында комиссия мүшелері ауыл әкімдерімен бірлесіп, еңбек майданы мен тыл ардагерлерінің үйіне барып, айтулы күнге арнайы әзірленген «Жеңістің 80 жылдығы» медальдері табыс етіліп, өз тарапынан сый-сияпат жасалды.
Депутаттар тарапынан сайлаушылардың өтініші бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектері көрсетіліп тұрады.
Байқадам ауылдық кітапханашысының өтініші бойынша кітапханаға кітап сөрелерін сатып алынып, Көкпекті мектеп фойесіне хабарландырулар үшін 2 * 3 көлемінде баннер сыйға тартылды.
Ботақара ауылының тұрғыны өткен жылдың 1 қыркүйегінде жан түршігерлік өрттен аман қалғанын жазып көмек қолын созған өз округінің депутатына көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында алғысын білдірді.
Қушоқы мәдениет үйінде кент имамы мен әкімдігі және мәдениет үйінің қызметкерлері тұрғындармен бірлесіп Рамазан айындағы «Қасиетті Қадір түні» арналып кешкі ас ұйымдастырылды.
"Boloshaq Qushoqy" еріктілерімен бірлесе отырып Қушоқы кенті мәдениет үйінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын қолдау мақсатында ҰОС обелискі аумағы мен хоккей кортында, мәдениет үйінің аумағы мен одан тыс жерлерде таза бейсенбілік пен сенбіліктер өткізілді.
Сондай-ақ, Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Мәдениет үйі мен модельдік кітапхана қызметкерлері тыл еңбеккерлерінің үйі маңайында сенбілік ұйымдастырылды.
2024-2025 жылдың үздік каратэшілерін жылдың қорытындысы бойынша Кушоқы кенті округ депутаты каратэшілерді өз тарапынан дипломдармен марапаттады.
Ақбел ауылындағы Ғазиза Ж. мешіт қабырғасындағы азды-кем ақауларға жөндеу жұмыстарын жүргізу және ескі қорымдарды қоршап беру жайлы сұраныс білдірді. Толықтай қанағаттандырылды. Мәслихат депутатымен Ақбел ауылындағы Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп қабырғасы маңынан бой көтерген «Қаныш аллеясына» және Зікірия қажы атындағы мешітке сыйлық ретінде әулеті атынан он орындық тарту етілді.
Ақбелдік жерлестеріміздің сұрауы бойынша ауыл азаматтарымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - бір шешен отбасылық зираты қоршалып, тас белгі орнатылды, ұрпақтарымен бірге құран бағышталды. Сондай-ақ, мамыр айында Ақбел ауылына көп балалы отбасының көшіп келуіне, орналасуына жәрдем беріп, балаларды қорғау күні қарсаңында құттықтау ұйымдастырды.
Үштөбе ауылдық округімен Құрылыс ауылында ұйымдастырылған балалар мерекесіне орай өткізілген шараға мәслихат депутатымен демеушілік көмек көрсетілді.
Ауданымыздың тарихи маңызы бар қасиетті бұлақтары, медресе, қорымдары орналасқан жерлерге ықшамдалған туристік бағыт-бағдар бойынша құрылған Бұқар жырау ауданының «Он бір бағыттағы – он бір қадам» атты жеке жобамыз бастау алып, іске асырылды. Ағымдағы жылдың 20 маусымы күні мектеп оқушылары мен белсенділік танытқан жергілікті азаматтар құрамында алғаш рет ауданымыздың қастерлі жерлерінде болды.
Сондай-ақ, мәслихат депутаттарының тұрғындармен кездесулерінде: ауыл тұрғындарымен жайылымдарға мал жаю, ауыз су, ауылдың санитарлық жағдайы мен жаңадан салынып жатқан үйлерге барып жүргізілген жөндеудің жағдайымен танысу және жөндеу жұмысын атқарып жатқан мердігерлермен кездесу сияқты тұрғындармен көтерілетін өзекті мәселелер әрдайым күн тәртібінде.
Тұрақты комиссияның мүшелері аудандық мәслихат сессияларының әрбір жұмысында өз пікірлерін ортаға салып, ескертпе-ұсыныстарын білдіріп, оң шешімдердің қабылдануына үлестерін қосуда.
Аудан аумағында елімізде қабылданған «Ауыл - ел бесігі», «Ақ бұлақ», «Жұмыспен қамту», «Жол картасы», «Дипломмен – ауылға» т.б бағдарламаларының, білім беру саласындағы «Жайлы мектеп», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары, «Қолжетімді интернет» жобасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары орындалу барысына депутаттармен ерекше назар аударылып, комиссия отырысында талқыланып, бақылау жүргізіледі.
Осы бағдарламалар аясында ауданымызда көптеген адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды.
Комиссия төрағасы А. Акишев