Отчет о работе постоянной комиссии по вопросам социальной сферы, внутренней политики и законности Бухар-Жырауского районного маслихата за период с июня 2021 года по сентябрь 2022 года
Количество просмотров:3
Бұқар жырау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылғы маусымнан 2022 жылғы қыркүйек аралығындағы жұмысы туралы есебі
Құрметті депутаттар және тыңдаушылар!
Комиссия жұмысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-15 баптарына, аудандық мәслихатпен бекітілген Бұқар жырау аудандық мәслихатының регламенттеріне жүгіне отырып, жүзеге асырылады.
Жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаттары ішінен құрамында 7- мүшесі бар Бұқар жырау аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы екінші жыл өзінің жұмысын белсенді атқарып келеді.
Бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес тұрақты комиссиямен ауданымыздағы әлеуметтік жағдайға көп назар аударылып, отырыстар өткізіледі. Осы отырыстарда 50-ге жуық мәселе қаралып, комиссия мүшелерімен толық қаралып, талқыланды, олар:
- Бұқар жырау ауданы аумағында Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы және қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі жұмысы туралы.
- Көкпекті ауылдық округі әкімінің халықты спортпен айналысуға тарту, дене шынықтыруды дамыту және спорттық инфрақұрылым құру жөніндегі жұмысының оң тәжірибесі туралы.
- Ботақара кенті, Доскей, Үміткер, Үштөбе, Баймырза ауылдық округтері әкімдерінің округ аумағында әскери міндеттілік және әскери қызмет, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.
- Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2022 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
- Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі жөнінде.
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссиясының есебі туралы.
Қажет болған жағдайда тұрақты комиссияның отырыстарына қаралатын мәселені мұқият және жан-жақты қарап, дайындау мақсатында мәслихат депутаттары мен атқарушы органдардан бөлім басшыларын қатыстыра отырып уақытша комиссиялар құрылады.
Бірлескен отырыстарда негізінен комиссияға қатысы жоқ басқа да мәселелер қаралады. Олар:
- Аудан әкімдігінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын іске асыру қорытындылары туралы есебі жөнінде.
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін дамыту және күтіп-ұстау мәселелері бойынша аудан әкімдігінің есебі туралы.
- 2020 жылғы аудандық бюджеттің, ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы.
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.
- «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.
- «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудан халқын жолаушылар тасымалымен, автокөліктің үздіксіз және қауіпсіз қозғалысымен, автожолдардың тиісті техникалық жағдайымен, сумен жабдықтау, су бұру жүйелері мен жылу желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.
- 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- 2022-2024 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
Сондай-ақ, тұрақты комиссиялардың отырысында облыстық тексеру комиссиясының ұсынымдары қаралды.
Комиссия мүшелері Қарағанды облысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментімен әлеуметтік желілер арқылы онлайн режиминде өтетін қоғамдық тыңдауларға қатысып жүреді.
Мәслихат депутаттары жұмыс барысымен тұрақты түрде Ботақара кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде, Үштөбе, Доскей көп қабатты тұрғын үйлер құрылысының нысандарды аралап, мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесіп жүреді. Тапсырыс берушінің, мердігердің және бақылаушы ұйымның уәкілетті тұлғаларына тексеру барысында аудандық мәслихат депутаттары жүргізілетін жұмыстардың мерзімі мен сапасы бойынша, оның ішінде өткен тексерістен бастап шешілмеген ескертулерді жою бойынша ұсынымдар беріледі.
Сессияда саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде аудандық мәслихат шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлады.
Комиссия мүшелері бекітілген кестеге сәйкес сайлаушыларды қабылдау ұйымдастырады, азаматтардың әр салаға, қоғамдық ортада әлеуметтік тұрмыстық жағдайға қатысты көтерілген мәселелерді тиісті органдарға жеткізіп шешу жолдарына көмек береді, атаулы және мереке күндері өткізілетін мәдени шараларға, оның ішінде өскелен ұрпаққа ұлттық мұраны жаңғыртуға қол ұшын беріп, оны ұйымдастыруға ат салысады. қайырымдылық акцияларына бару (соғыс, тыл ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды аралау) назардан тыс қалмайды. Наурыз мейрамы, жаңа жылдық от-шашулар, таңертеңгіліктер, қарттар мерекесі күні мен «Мектепке жол» бағдарламасы ерекше атап өтіледі, сенбіліктерге қатысады.
«Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында Токаревка мектебінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау көрсету мақсатында арнайы кабинет ашылды.
Сондай-ақ, мәслихат депутаттарының тұрғындармен кездесулерін:
- ауданның кәсіпкерлік бөлімінің өкілдерімен азық-түлік
бағаларының көтеріліп кетпеуін бақылау;
- ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мәселесі;
- көп балалы аналармен жеке кәсіпкерлік үшін грант алу;
- ауыл тұрғындарымен жайылымдарға мал жаю;
- ауыз су, ауылдың санитарлық жағдайы;
- жаңадан салынған үйлердің сапасыздығынан басқа үйге көшірілген тұрғындардың хал жағдайымен танысу және жөндеу жұмысын атқарып жатқан мердігерлермен кездесу;
- қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару;
- мектеп оқушыларын тасымалдау мәселелері бойынша кездесу өткізу
мәселелері бойынша;
- референдум бойынша (ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер
туралы) халыққа түсіндіру жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.
Аудандық мәслихат сессияларының жұмысында тұрақты комиссия мүшелері өз пікірлерін, ұсыныстарын білдіріп, дұрыс шешімдердің қабылдануына үлестерін қосуда.
Аудан аумағында елімізде қабылданған «Ауыл - ел бесігі», «Ақ бұлақ», «Жұмыспен қамту», «Жол картасы» бағдарламаларының орындалу барысына депутаттармен айрықша назар аударылып, комиссия отырысында талқыланып, бақылау жүргізіледі.
Комиссия төрағасы С.Ж.Артықбаева
29 сентября 2022
29 сентября 2022