Аудандық мәслихаттың отызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Аудандық мәслихаттың отызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

  

Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың отызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Ауданның атқарушы органдарының аудандағы мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету, тарихи және мәдени мұраларын сақтау, аудан аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі жұмысы туралы.
  2. Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы туралы аудан әкімдігінің 2024 жылғы есебі жөнінде.
  3. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі жөнінде.
  4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссиясының есебі туралы.
  5. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 25 сессиясының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №6 «2025 жылы Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен, басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 27 сессиясының 2025 жылғы 5 ақпандағы №5 «Жер комиссиясының құрамын және Жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. Ғ. Мұстафин кенті әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  8. Қушоқы кенті әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  9. Үштөбе ауылдық округі әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың

істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын

бекіту туралы.

  1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 25 сессиясының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №4 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №5 «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 Мәслихат төрағасы                                                       А. Әли

Жарияланған күні

11 сәуір 2025 18:18

Жаңарту күні

11 сәуір 2025

Түрі