Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №39/04 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №39/04 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бұқар жырау аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №39/04 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №219472 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Бұқар жырау аудандық бюджет 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 8 965 516 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 7 886 104 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 68 054 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 103 000 мың теңге;
арнаулы түсімдері бойынша – 0 теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 908 358 мың теңге;
2) шығындар – 9 606 033 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 100 766 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 211 925 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 111 159 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 741 283 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 741 283 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 211 925 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 111 159 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 640 517 теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы А. Әли
20 қазан 2026 17:35
20 қазан 2026