Қарабалық аудандық мәслихатының ХАБАРЛАНДЫРУЫ

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер және жоғарғы сайлау комиссияларына ақпарат үшін
Қарабалық аудандық мәслихатының
ХАБАРЛАНДЫРУЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес жұмыс істейтін сайлау комиссиясының жеке мүшелерінің шығуына байланысты, Қарабалық аудандық мәслихаты жеке сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу және сайлау комиссиясынан шыққан мүшелердің орнына сайлау туралы хабарлайды.
Құрамына өзгерістер енгізілетін, сайлау комиссиясының тізімі төмендегідей жарияланады.
Шыққан комиссия мүшелерінің орнына сайлау комиссиясының құрамының кандидатуралары бойынша ұсыныстарды көрсетілген комиссия құрамында өкілдері жоқ саяси партиялар енгізеді. Сайлау комиссияларының ұсынысы болмаған жағдайда мәслихат сайлау комиссияларының мүшелерін басқа қоғамдық бірлестіктер және жоғарғы сайлау комиссиялары бойынша сайлайды.
Саяси партиялардың, Қазақстан Республикасының басқа қоғамдық бірлестіктердің және жоғарғы сайлау комиссияларының ұсыныстары 2026 жылғы 01 қазаннан 15 қазанға дейін қабылданады.
Көрсетілген кезеңде саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер және жоғарғы сайлау комиссиялары мәслихат аппаратына:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы электрондық және қағаз форматтағы белгіленген нысан бойынша мәліметтер.
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктердің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірмесін;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктердің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтінішін;
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сай болуы қажет.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік- аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында ұсынылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұжымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамында жақын туыстары (ата- аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері, апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері, немесе зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз жүзіндегі барлық құжаттарға қол қойылу және мөрмен куәләндырылуы қажет және орындалу күнін, орындаушы туралы белгіні, оның тегін, аты-жөнін және телефон нөмірін көрсете отырып қамту.
Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар аудандық мәслихат аппаратында 2026 жылғы 15 қазанға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін, Қарабалық к., Космонавтар көш.,31, 204 каб. мекен-жайы бойынша қабылданады.
Анықтамалар: 8(71441) 32030, 79011 телефондары, kar-maslihat@mail.kz электронды мекен-жайы.
Қарабалық аудандық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілетін
ТІЗІМІ
|
№ б/п |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Бос орын саны |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары |
|||
|
1. |
2 |
Қарабалық кенті, Космонавтов к-сі,33 |
1 |
|
2. |
4 |
Қарабалық кенті, Пионерская к-сі,1 |
1 |
|
3. |
6 |
Научное ауылы, Тимирязев к-сі,10 |
1 |
|
4. |
7 |
Михайловка ауылы, Жеңіс алаңы,5 |
2 |