Аудандық ҚК отырысы туралы


Аудандық Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысының
КҮН ТӘРТІБІ
Аудан әкімдігінің мәжіліс залы 26.11.2024 жыл. сағат 10.00
ҚАТЫСАТЫНДАР: Қоғамдық кеңестің мүшелері, тиісті мекеме басшылары.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Индер ауданы әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы «Индер ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» №4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Аудан әкімі аппаратының басшысы Сансызбаев Айболат Саламатұлы.
2. «Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №60 – VIII «2024 – 2026 жылдарға арналған Индер ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №64 – VIII «2024 – 2026» жылдарға арналған Индер ауданының ауылдық округтерінің және Индербор кентінің бюдеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы.
4.«Атырау Облысы Индер ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024 - 2033 жж. аймақтық бағдарламасы».
Хабарламашы: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Л.Қуанышева.
26 қараша 2024
Актовый зал районного акимата
Отырыс