Құрметті мемлекеттік қызмет қызметкерлері мен ардагерлері!

Есіл аудандық мәслихат депутаттарының атынан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Мемлекеттік қызмет-бүкіл мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын мемлекет жүйесінің маңызды тетігі. Мемлекетке деген сенім мемлекеттік қызметшіден басталады, ол мемлекет пен халық арасында делдал болуға, қазіргі қоғамның сұраныстарына икемді жауап беруге тиіс. Сондықтан мемлекеттік қызметті таңдайтын адамдар терең құрметке лайық. Шынында да, олардың иығына мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, азаматтардың әл-ауқаты мен болашағы үшін жауапкершіліктің ауыртпалығы жүктеледі.
Ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік қызмет ардагерлеріне алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік, келісім, отбасылық амандық, халыққа қызмет етудің игі ісінде табыс және кәсіби шеберлігіңізді арттыруды тілейміз!