Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!

Сіздерді ұлттық валюта теңге күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысымен 15 қараша - Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасы Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді.
Бұл күнді таңдау кездейсоқ емес, өйткені 1993 жылы 15 қарашада айналымға өзіміздің ұлттық валютамыз – теңгені енгізумен байланысты.
Ұлттық валютаға көшу маңызды және қажетті қадам болды. Теңге еліміздің тәуелсіздігінің экономикалық негізіне және егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы бетбұрыс кезеңіне айналды. Дәл осы кезеңнен бастап Қазақстан экономикасының дамуы, әлемдік державалармен сауда қатынастарын құру және нығайту басталады.
Есіл аудандық мәслихат депутаттарының атынан қаржы саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда ауданның өмірі негізінен уақтылы және тиісті қаржыландыруға байланысты. Қаржы ресурстарын сауатты бөлу кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді, әлеуметтік кепілдіктердің орындалуын қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта сіздің жұмысыңыздың табысты нәтижелері Аудан экономикасының қаржылық әлеуетін дамытуға және нығайтуға ықпал етсін.