Қазақстан Республикасы Полиция күнімен құттықтаймыз!

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!Мәслихат депутаттарының атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасы Полиция күнімен құттықтаймыз!
Сіздер өз өмірлеріңізді Заң мен қоғамға адал қызмет ету, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау сияқты игі іске арнадыңыздар. Сіздердің қызметтеріңіз жоғары жауапкершілікті, ерлікті, берік ұстаным және антқа адалдықты талап етеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп және тыныштық нығаюда.
Осы мереке күні адал қызмет, өз міндеттеріне адалдық және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбіт өмір, бақыт, қызметтеріңізге табыс және еліміздің игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз. Әрдайым сенімді әріптестеріңіз, жақындарыңыздың қолдауы және қоғамның лайықты құрметі серік болсын.