Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
0

Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!

Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба және Әнұран - еліміздің Тәуелсіздігінің қасиетті белгілері, халық бірлігінің, бай тарихтың, ұлттық рух пен мемлекеттің егемендігінің көрінісі болып табылады. Олар отансүйгіштік сезімді нығайтып, Отан болашағына деген жауапкершілікті арттырады және бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың символы ретінде қызмет етеді.

Бұл мереке барлық қазақстандықтарды ортақ құндылықтар - Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекетке деген құрмет және еліміздің өркендеуіне ұмтылыс төңірегінде біріктіреді. Біз Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтамыз және мемлекетіміздің алдағы уақытта да табысты дамитынына сенім білдіреміз.

Аудан тұрғындарының барлығына зор денсаулық, бейбіт өмір, береке-бірлік, тұрақтылық және Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында жаңа жетістіктер тілейміз!