1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Есіл ауданының тұрғындары! Қымбатты балалар мен                    ата-аналар!

    Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

   Бұл жарқын әрі мейірімді мереке ересектердің ең маңызды міндеті - өскелең  ұрпаққа қамқорлық жасау, олардың бақытты, қауіпсіз әрі лайықты балалық шағы үшін қолайлы жағдай қалыптастыру екендігін еске салады. Балалар - біздің болашағымыз, мақтанышымыз бен үмітіміз. Осы күні бала тәрбиесіне күн сайын күш - жігерін, білімі мен жан жылуын арнап жүрген ата-аналарға, ұзтаздарға, тәрбиешілерге және балалардың бойындағы қабілеттерін ашуға, олардың білімге, ізгілік пен әділдікке деген ұмтылысын қолдауға үлес қосып жүрген барша жандарға ерекше алғысымызды білдіреміз.

   Әрбір бала махаббат пен мейірімге бөленіп, қамқорлық пен жанашырлық аясында өссін, отбасының жылуы мен жақындарының қолдауын әрдайым сезінсін. Барша балаларға зор денсаулық, шаттыққа толы балалық шақ, жарқын әсерлер, оқуда табыс және ең асыл армандарының орындалуын тілейміз! Әр шаңыраққа бейбітшілік, береке, татулық пен амандық тілейміз!