Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Құрметті аудан тұрғындары!

Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке ерлік, ар-намыс пен Отанға деген адалдықтың жарқын көрінісі. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп, әскери борышын абыроймен атқарып жүрген барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Ардагерлерге, қазіргі әскери қызметшілерге және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосып жүрген барлық жандарға ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің жанқиярлық қызметтеріңіз - ел тұрақтылығы мен жарқын болашаққа деген сенімнің кепілі.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! Әр шаңырақта тыныштық, бірлік пен болашаққа деген сенім орнасын!