Наурыз Мейрамы құтты болсын!

Наурыз Мейрамы құтты болсын!

 

Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!

 Есіл аудандық мәслихатының депутаттары атынан баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

   Наурыз – табиғат түлеп, тіршілік жаңаратын, жаңа үміт пен жақсылықтың бастауы болатын ерекше мейрам. Бұл мереке адамдарды бірлікке, татулыққа үндеп, жүректерге жылу, үміт және жарқын болашаққа деген сенім сыйлайды. Сондай-ақ ол өзара құрметтің, келісімнің және игі істерге ұмтылыстың маңызын айқындай түседі.

  Осы шуақты көктем мерекесі әр шаңыраққа тыныштық, бақ-береке және қуаныш әкелсін. Барша тұрғындарға зор денсаулық, бақыт, отбасы амандығын және ауданымыздың игілігі жолындағы барлық игі істерге табыс тілейміз.