Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні құтты болсын

Құрметті Ауғанстандағы соғыс ардагерлері, қадірлі жерлестер!
Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күнімен құттықтаймыз!
15 ақпан - бұл өткенді еске алу, ерлікке тағзым ету күні. Сіздер ауыр кезеңдерден өтіп, қайсарлық пен сабырлықтың, Отан алдындағы адалдықтың шынайы үлгісін көрсеттіңіздер. Қандай қиындық болса да, адамгершілік пен ар-намысты биік ұстай білдіңіздер.
Біз өз жерлестерімізбен шын жүректен мақтанамыз, олар ауыр сынақтарды абыроймен және қадірмен көтеріп өтті, және осы соғыста жақындарын жоғалтқан адамдармен бірге барлық қайғы-қасіретті бөлісеміз.
Бүгінде сіздер қоғамдық өмірге белсене араласып, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, қоғамдаға бейбітшілік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып келесіздер.
Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, жан тыныштығы және ертеңгі күнге деген сенім тілейміз. Өмірлеріңіз жақындарыңыздың қамқорлығына, жүрек жылуына және лайықты құрметке толы болсын.