Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!

 

   Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

  Алдағы жыл жаңа мүмкіндіктерге, жасампаз бастамаларға және оң өзгерістерге толы болсын. Өтіп бара жатқан жылдың ең елеулі жетістіктері сіздердің табанды еңбектеріңіз, шыдамдылықтарыңыз және жоғары азаматтық жауапкершіліктеріңіздің арқасында жүзеге асты. Біз бірлесе отырып аудан экономикасын нығайтып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудамыз.

   Әрбір шаңырақ жылулыққа, жайлылық пен берекеге толсын, ал игі бастамалар қолдау тауып, сәтті жүзеге ассын. 2026 жыл әр отбасыға тұрақтылық, зор денсаулық, бейбітшілік пен татулық әкелсін.