Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!
Аудандық мәслихат депутаттарының атынан сіздерді басты ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл атаулы күн – халқымыздың азаттығы мен егемендігін, ел бірлігі мен бейбіт өмірге, жасампаздыққа деген ұмтылысын білдіреді.
Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан мемлекет құрудың сындарлы жолынан өтіп, экономика, білім, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік салада елеулі табыстарға қол жеткізді.
Бүгінде халқымыздың бірлігі, мақсаткерлігі мен елжандылығы арқасында еліміз келешекке нық қадам басып келеді. Ауданымыздың əрбір тұрғыны ортақ Отанымыздың өркендеуіне өз үлесін қосып, туған жердің гүлденуіне еңбек етуде.
Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, ырыс-береке, өзара түсіністік пен жарқын болашаққа деген сенім тілейміз! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, мықты денсаулық жəне сарқылмас жігер нәсіп болсын!