Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен!

Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының атынан кәсіби мерекелеріңіз - Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Бұл күн - сіздердің адал еңбектеріңіздің, жауапкершіліктеріңіз бен жерге деген адалдықтарыңыздың мойындалуының белгісі. Сіздердің арқаларыңызда азық-түлік қауіпсіздігі сақталып, ауыл экономикасы дамып, өңіріміздің әлеуметтік тұрақтылығы нығаюда.
Сіздер ауа-райы мен экономикалық қиындықтарға қарамастан аграрлық саланың дамуына елеулі үлес қостыңыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділіктің негізі болып табылады.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, мол өнім және туған жердің игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!