Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні құтты болсын!

Құрметті әлеуметтік саланың ардагерлері мен қызметкерлері!
Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді кәсіби мереке - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз!
Сіздердің жұмыстарыңыз тек жоғары біліктілікті ғана емес, сонымен қатар ерекше рухани сезімталдықты, шыдамдылықты және адамдарға көмектесуге деген шынайы ниетті талап етеді. Соның ішінде сіздер күн сайын ерекше назар аударуды қажет ететіндерге - қарт азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы отбасыларға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетесіздер.
Сіздердің кәсібилік, мейірімділік және адалдықтарыңыздың арқасында біздің ауданда ең маңызды миссия - әлеуметтік әділеттілікті нығайту және адамға қамқорлық жасау жүзеге асырылады.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, рухани күш-қуат және игі істеріңізге жаңа табыстар тілейміз!