Жұмыс сапары
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Есіл ауданына "AMANAT" партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Берген Беспалинов келді. Аудандық мәслихаттың төрайымы Анар Әділбаеваның, аудан әкімінің орынбасары Асқарбек Мақсұмханның қатысуымен жұмыс сапары көктемгі су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін 21 тұрғын үй салу объектісіне барудан басталды. Жұмыс кестеге сәйкес жақсы қарқынмен жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Бұдан әрі "Даниер ПТФС" ЖШС мердігер болып табылатын Красивое ауылында су құбыры құрылысының барысымен танысты. Мердігерлік ұйым мен қадағалау органдарының өкілдері орындалған жұмыс көлемі туралы хабардар етті. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Қайрат Бұқанов жергілікті халықты алаңдатып отырған бірқатар мәселелерді көтерді. Депутаттар бірқатар ұсыныстар берді.